15.08.2018, 16:14 6771

Түркістан облысы Арыс қаласын "көгілдір отынмен" қамтамасыз ету 2018 - 2025 жылдар аралығына жоспарланып отыр

Арыс қаласын "көгілдір отынмен" қамтамасыз ету 3 кезеӊнен тұрады. Яғни, 2018 - 2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.

Түркістан. 15 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан облысы, Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистралдық газ құбыры тартылғаны белгілі. Бүгін осы құбырды Арыс қаласыныӊ негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті. Жиында Арыс қаласыныӊ әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды "көгілдір отынмен" қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті.

"Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Президенттіӊ 5 әлеуметтік бастамасы" атты Үндеуіндегі 5-ші бастамасына сәйкес, қалаға газ құбырын тарту шаһарымыз үшін аса маӊызды әрі көптен күткен тарихи оқиға. Елбасымыздыӊ бастамасымен облысымыздыӊ қалалары мен аудандарын газбен толық қамтамасыз ету үшін "Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ" магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбырдан Арыс қаласына да газ жеткізіледі", - деді қала әкімі.

Арыс қаласын "көгілдір отынмен" қамтамасыз ету 3 кезеӊнен тұрады. Яғни, 2018 - 2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны