14.12.2018, 18:34 4889

Түркістан облысы Кентау қаласында қазіргі таӊда 6 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде

Шаһар басшысыныӊ айтуынша, ағымдағы жылдыӊ 10 айыныӊ қорытындысымен қаланыӊ жалпы өнім көлемі 87 млрд. 313 млн.теӊгені құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 2,6 есе артқан.

Түркістан. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Кентау қаласында қазіргі таӊда 6 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Кезінде кенімен танылған өӊірде алдағы жылы кен өндіру ісі қарқын алатын болады. Бұл туралы Түркістан облысы өӊірлік коммуникациялар қызметінде Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

Шаһар басшысыныӊ айтуынша, ағымдағы жылдыӊ 10 айыныӊ қорытындысымен қаланыӊ жалпы өнім көлемі 87 млрд. 313 млн.теӊгені құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 2,6 есе артқан.

"Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 12 млрд. 315,4 млн. теӊгеге жетіп, нақты көлем индексі 160 пайызды құрады. Кентау қаласына 12 ауыл округтерініӊ қосылуымен 2018 жылдыӊ 10 айында қолданыстағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерініӊ саны - 6784 бірлікке жетіп, 2,5 есе өскен. Шағын бизнес субъектілерініӊ осы кезеӊде өндірген өнімдері мен жасаған қызметтерініӊ жалпы соммасы - 61 млрд. 134,8 млн. теӊгені құрады", - деді Ибдібақыт Тілләбайұлы.

Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өӊірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны - 64 млрд. 41,5 млн.теӊге 5 жоба енгізіліп, 4 жоба толығымен іске асырылды. Оныӊ ішінде: "ЮгЭлектроПривод" ЖШС - "Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару" жобасы; "Электродеталь" ЖШС "35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығару" жобасы; "Статус Эверест" ЖШС - "ПЭТ, ПП, ПЕ" қатты қалдықтарды қайта өӊдеу" жобасы; "Vostok Minerals" ЖШС - "Барит өнімдерін өӊдеу" жобасы; "ГРК "Металлинвест" ЖШС-ніӊ "Барит концентратыныӊ өндірісімен Ансай кен орыныныӊ барит кеніне өнеркәсіптік қазба жұмыстарын жүргізу" жобасы.

Бұдан өзге, Кентау қаласындағы индустриялды аймақтыӊ жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. Онда 5 жобаны іске асыру жоспарланып, 2 жоба толығымен жүзеге асырылды. 4,3 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым орналасқан, 15,55 га жер телімі резервте. Бүгінгі таӊға индустриялды аймақта 2 жоба толық іске асырылған. Олар: Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өӊірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған "ЮгЭлектроПривод" ЖШС және "Электродеталь" ЖШС.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны