09.08.2018, 19:31 4627

Түркістан облысы тауар өндірушілерініӊ ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала - Астанаға жөнелтілді

Түркістан облысы Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеӊке өткізеді деп жоспарланған-ды. Бұл сапар соныӊ 3-толқыны деуге болады.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауар өндірушілерініӊ ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала - Астанаға жөнелтілді. Тамыз айыныӊ 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеӊкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ көлемі 411 тонна.

Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімніӊ ішінде 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп, 5 мыӊ дана, 5 тонна балық, 4 тонна бал (әсел), 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер және 28 тонна басқа да өнімдер. Жалпы құны 101 млн. теӊгені құрайтын өнімдер елорда төрінде нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан саудаланбақ.

Ұйымдастырушылардыӊ ұйғарымы бойынша отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеӊке арқылы ұсынылады. Түркістан облысы Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеӊке өткізеді деп жоспарланған-ды. Бұл сапар соныӊ 3-толқыны деуге болады.

Жалпы, Астанада ұйымдастырылып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ бес жәрмеӊкесінде түркістандық шаруалар 14753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтетін болады. Осы мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны