19.01.2019, 21:19 5454

Түркістан облысында 17 мыӊнан астам жоба жеӊілдетілген несиемен қамтылған

Қаржыландырылған жобалар нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны - 16 525 адамға жеткен. Жалпы қаржыландырылған 17 мыӊнан астам жобаны жүзеге асыруға 34,1 млрд. теӊге бағытталды.

Түркістан. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркістан облысында "ЫРЫС" микроқаржы ұйымы 2009-2018 жылдар аралығында өӊірдіӊ 17 382 тұрғыны жеӊілдетілген несие және лизингке қол жеткізіп, кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қаржыландырылған жобалар нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны - 16 525 адамға жеткен. Жалпы қаржыландырылған 17 мыӊнан астам жобаны жүзеге асыруға 34,1 млрд. теӊге бағытталды. Бұл туралы Түркістан облысы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ырыс" микроқаржы ұйымыныӊ директоры Данияр Арынғазин мәлім етті.

"ЫРЫС" МҚҰ өткен жылы 4 млрд. 539,5 млн. теӊгеге 1243 жобаны қаржыландырып, жүзеге асқан жобалар шеӊберінде 1400-ге жуық жаӊа жұмыс орны ашылған.

"2018 жылы қаржыландырылған жобалар келесі басым бағыттар аясында жүзеге асырылды: мал шаруашылығында - 2 млрд. 199,2 млн. теӊгеге 384 жоба, дала жұмыстары бойынша - 1 млрд. 518,8 млн. теӊгеге 766 жоба, өндіріс саласында - 28 млн. теӊгеге 3 жоба, жылыжай бойынша - 123 млн. теӊгеге 15 жоба, қызмет көрсету аясында - 425,1 млн. теӊгеге 53 жоба, құс шаруашылығында - 11,9 млн. теӊгеге 6 жоба қаржыландырылды", - деді Данияр Манатжанұлы.

Бүгінде "ЫРЫС" микроқаржы ұйымыныӊ несие қоржыны 34,1 млрд. теӊгеге жеткен. Ұйымныӊ несие қоржыныныӊ басым бөлігін мал шаруашылығы құрайды.

Бұдан өзге, "ЫРЫС" микроқаржы ұйымы 2017 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап жас кәсіпкерлерге көмек ретінде "Жас кәсіпкер" бағдарламасын қолға алған. Бағдарлама талабы бойынша жасы 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге 2 млн.теӊгеге дейін жеӊілдетілген несие кепіл мүлкі немесе алғашқы жарна талап етілмей-ақ беріліп келеді. Жоба бүгінгі күні сәтті жүргізіліп, 20 млн. теӊгені құрайтын 10 үздік жоба қаржыландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны