11.11.2018, 21:27 3256

Түркістан облысында 2018 жылдыӊ 1 қазаны бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны - 140 992, оныӊ жұмыс істеп тұрғаны - 129 424

"Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 4,4 млрд. теӊгеге 400 жобаға қолдау көрсетілді.

Түркістан. 11 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысында 2018 жылдыӊ 1 қазаны бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны - 140 992, оныӊ жұмыс істеп тұрғаны - 129 424. "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 2010 жылдан қазіргі таӊға дейін 43 млрд. теӊгеге 1500 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны құрылып, бюджетке 63 млрд. теӊгеніӊ салығы түскен. Бүгін бұл туралы Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Ғанибет Иубәкіров мәлімдеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған бағдарлама аясында 4,4 млрд. теӊгеге 400 жобаға қолдау көрсетілді.

"Атап айтқанда, кәсіпкерлердіӊ банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 4,2 млрд.теӊге бөлініп, 350 жоба субсидияланған. Кәсіпкерлердіӊ банктердегі кредиттері бойынша ішінара 102 млн.теӊге бөлініп, 30 жоба кепілдендірілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсынуға 60 млн. теӊге қаралып, 20 жобаға мемлекеттік гранттар ұсынылған", - деді Ғанибет Қанатұлы.

Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдыӊ 9 айы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 163,5 млрд.теӊгені құрады. Бұл тұрғыда Созақ ауданы (26,1 млрд.теӊге), Түркістан қаласы (16,6 млрд.теӊге) және Шардара ауданы (15 млрд.тг) көш бастап келеді. Инвестиция көзі болып табылатын жеке инвестициялар көлемі 94 млрд. теӊгені құраған.

Түркістан облысында инвестицияларды тарту бағытында қолайлы инвестициялық климат құру, сондай-ақ аймақтыӊ инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында Елбасыныӊ 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны