19.07.2018, 19:07 4472

Түркістан облысында "7-20-25" бағдарламасы аясында 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде

Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан 2019 жылға өтпелі.

Түркістан. 19 шілде. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ халыққа үндеуініӊ бірінші бағыты "7-20-25" бағдарламасы аясында Түркістан облысында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ жалпы аумағы - 18,6 мыӊ шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019 жылы пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыста 172 инвестициялық жобаныӊ іске асырылуына 30,6 млрд.теӊге қаралған. Жыл соӊына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таӊда 11 нысанныӊ құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанныӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі.

"Илеуметтік сала бойынша білім беру саласына жалпы 83 нысан құрылысына 15,9 млрд. теӊге қаралған. Оныӊ ішінде республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 16 мектептіӊ биыл 12-ін тапсыру көзделген. Қалған 4 нысанныӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі. Ал облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теӊгеге 67 нысан құрылысын жүргізіп, оныӊ ішінде ағымдағы жылы 28 нысанды пайдалануға беру межеленіп отыр. Қалған 39 мектептіӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі", - деді Құттыбек Рахматтуллаұлы.

Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан 2019 жылға өтпелі. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанныӊ құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таӊда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соӊына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысыныӊ әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны