11.11.2018, 21:36 3304

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдейтін 45 кәсіпорын іске қосылады

Түркістан облысы 2025 жылға қарай 58 156 тонна етті қайта өӊдеп экспорттайтын болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 29 323 тоннаны құраған.

Түркістан. 11 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облысы 2025 жылға қарай 58 156 тонна етті қайта өӊдеп экспорттайтын болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 29 323 тоннаны құраған. Сондай-ақ, бүгінге дейін өӊірімізде 43 375,2 сүт қайта өӊделіп келсе, келешекте 92 875 тоннаға артады. Ал, 7 195 тонна көкөністен дайын өнім алынса, алдағы уақытта 49 195 тонна тауар қайта өӊделмек. Бұл туралы облыстық ауыл шарушылығы басқармасыныӊ басшысы Нұрбек Бадырақов Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ төрағалығымен өткен жиында мәлімдеді.

Оныӊ сөзінше, жоғарыда аталған жетістіктерге жаӊадан әзірленген "Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудыӊ өӊірлік бағдарламасы" аясында қол жеткізілетін болады.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу саласында облысымызда жалпы 107 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Оныӊ 38-і ет, 35-і сүт, 34 кәсіпорын жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өӊдеумен айналысады. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу кәсіпорындарыныӊ саны 45 бірлікке жеткізу жоспарда бар. Жоспар жүзеге асса, экспорт көлемі 2,5 артады", - деді Нұрбек Бадырақов.

Өткен жылы қайта өӊделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортыныӊ көлемі 231,5 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткішті 2022 жылға қарай 578,8 млн. АҚШ долларға жеткізу жоспарлануда. Жалпы 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ экспорты 1 671 376 тоннаға жеткен. Оныӊ 41,5 пайызы Ресей, Белоруссия, Қырғызстан елдеріне, 38,5 пайызы Өзбекстанға 9,2 пайызы Ауғанстан Республикасына жөнелтілген. 2022 жылға қарай экспорт көлемін 4 178 440 тоннаға жеткізу көзделуде.

Бағдарлама аясында өӊірдегі агороөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру үшін Түркістан қаласыныӊ аумағында агро аймақтар құрылмақ.

Бұдан бөлек, 2019 жылы дизель отынын электронды тарату, 2020 жылы көкөніс-жеміс, бақша, мақта және мал шаруашылығы өнімдерін сатуда электронды сауда саттықты жүзеге асыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны