03.10.2018, 17:44 4174

Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды

Мұнда жылына 120 тонна көкөніс өнімдерін шығарылады. Жалпы жер көлемі 6 гектар болса, оныӊ 0,65 гектарына жылыжай салынған.

Түркістан. 3 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барасында ауданныӊ тыныс - тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі "Өктемхан" шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстарға да қанықты. Мұнда жылына 120 тонна көкөніс өнімдерін шығарылады. Жалпы жер көлемі 6 гектар болса, оныӊ 0,65 гектарына жылыжай салынған. Қожалық иесі Тұрсынбай Қалыбаев өз қаражаты есебінен жобаға 22 млн. теӊге қаржы кеткен. Бүгінде мұнда 60 мыӊ теӊге жалақымен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба 2014 жылы жүзеге асқан.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылық тауарын өндіруге келкенде санына ғана емес, сапасына да ерекше мән беру керектігін айтты.

"Біздіӊ облыс басқа өӊірлерден ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Яғни, біздіӊ өнімді еліміздіӊ барлық аймақтары тұтынады. Одан бөлек, өзге елдерге экспортталып жатқаны қанша. Демек, біз сапаға мейлінше көӊіл бөліуіміз керек. Сонда тауарларыӊыз өтімді болады. Егер өнімніӊ сапасы жоғары болса, ұзақ сапарға да шыдамды, төзімді болары сөзсіз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істеп келеді. Оныӊ 4994-і шаруа қожалық болса, 120-сы өндірістік кооперативтер.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны