09.08.2018, 20:01 5794

Түркістан облысыныӊ құрылуына байланысты "Түркістан-Бадам" және "Түркістан-Сарыағаш" жаӊа теміржол бағыттары іске қосылады

Оныӊ сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдыӊ 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.

Түркістан. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Жыл соӊына дейін "Түркістан-Бадам" және "Түркістан-Сарыағаш" жаӊа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысыныӊ құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы бүгін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы Нұрлан Байғұт Өӊірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді.

Оныӊ сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдыӊ 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары.

"Түркістан облысында 44 тасымалдаушы 1283 автобуспен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. Облыстағы тұрақты бағыттар желісі 320 бағыттағы 1081 кестеден тұрады. Шымкент қаласыныӊ республикалық маӊызы бар қала мәртебесін алуына байланысты, облыстағы ауданаралық 115 бағыттыӊ 91-і облысаралық болып өзгереді. Облысаралық 39 бағыттыӊ 13-ніӊ бастапқы пункті Шымкент қаласы болуына байланысты, бұл бағыттар Шымкент қаласы әкімдігініӊ құзырына берілді. Одан бөлек, Шымкент қаласындағы 26 тасымалдаушы, 82 бағыт, 1744 автобус, 1261 кесте тікелей Шымкент қаласы әкімдігініӊ құзырында болады", - деді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта, Түркістан қаласынан 5 аудан орталығына Кентау, Арыс, Шәуілдір, Шолаққорған, Мырзакент тікелей тұрақты жолаушылар тасымалы орындалуда. Алдағы уақытта облыстағы қалған аудан орталықтарына, атап айтқанда Шардара, Жетісай, Сарыағаш, Ленгір қалаларына және Абай, Қазығұрт, Темірлан, Ақсукент, Т.Рысқұлов және Шаян Түркістан қаласынан тікелей тұрақты бағыттар ашу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, басқармаға тікелей қарасты ауданаралық, облысаралық тұрақты бағыттарға қызмет көрсететін қоғамдық көліктер GPS жүйесімен жабдықталған. Елбасыныӊ Жарлығына сәйкес, Түркістан қаласы облыс орталығы болуына байланысты, қаланыӊ көлік жүйесін жан-жақты дамыту мақсатында, қаладағы бағыттарға электронды билет жүйесін 2018 жылдыӊ соӊына дейін орнату жоспарлануда. Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы бір бағытқа электронды билет жүйесін 2018 жылдыӊ IІІ тоқсанына дейін тестілеу жоспарланды.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны