09.08.2018, 18:59 4222

Түркістандағы "Яссы" құс фермасы өнім көлемін екі есеге арттырды

Бүгінде кәсіпорынныӊ ауқымы кеӊейіп, жылдық өнімі 6-7 млн дана жұмыртқаны құрап отыр. Құс фермасыныӊ жалпы жер көлемі 15,0 гектар. Мұнда тәжірибелі ветеринар мамандар мен қатар 18 жұмысшы еӊбек етеді.

Түркістан. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Түркістан қаласындағы жұмыртқа өндіру бағытында жұмысын жүргізіп жатқан "Яссы" құс фермасы екінші кезеӊін іске қосты. Онда бельгиялық "Вали" фирмасыныӊ құрал-жабдықтары орнатылған. Бұдан бөлек, фермаға 30 мыӊ дана голландиялық "Декалб" тұқымды шөжек әкелінді.

2016 жылы итальяндық "Факко" фирмасыныӊ құрал-жабдықтарымен бірінші кезеӊін іске қосқан жеке кәсіпкер А.Сыздықов германиялық "Ломан ЛСЛ" тұқымды 18 мыӊ дана тауық өсіріп, күндігіне 16 мыӊ дана, ал жылына 3,5 млн жұмыртқа өндірген.

Бүгінде кәсіпорынныӊ ауқымы кеӊейіп, жылдық өнімі 6-7 млн дана жұмыртқаны құрап отыр. Құс фермасыныӊ жалпы жер көлемі 15,0 гектар. Мұнда тәжірибелі ветеринар мамандар мен қатар 18 жұмысшы еӊбек етеді.

Германия технологиясы бойынша жұмыс істейтін бұл өндіріс қазір қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Мұндағы тауықтардыӊ азығы ферманыӊ өзіне тиесілі салынған шағын азық сақтайтын қоймада дайындалады. Қоспалы азықты дайындайтын арнайы соӊғы үлгідегі техниканы да алдырып, бүгінде қоспалы жемді өздері әзірлеуде. Сапалы өнім алу үшін құстарға арнайы дәрумендер беріледі. Пайдалы қоспалар арнайы тапсырыспен алдырылады.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны