16.04.2018, 13:55 5096

ҰҚП ОҚО халқы тығыз орналасқан ауданына жүргізген скринингтіӊ нәтижесінде 253 бизнес-жобаны іске асыру үшін қосымша 47 бағытты анықтады

Тек Сарығаш ауданы бүкіл Қазақстанды жеміс және көкөніспен қамтамасыз алады. Бірақ, талдау көрсеткендей ауданда 30 мыӊ га жерде бидай өсірілетіні анықталды. Ал өнімділік гектарынан 1 тонна көлемнен аспайды. Яғни жер тиімділігі 1 гектар үшін 150 АҚШ долларынан аспай отыр. Ал интенсивтігі жоғары бақтардағы тиімділік 20 мыӊ АҚШ долларын құрайды.

Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ халқы тығыз орналасқан ауданына жүргізген скринингтіӊ нәтижесінде 253 бизнес-жобаны іске асыру үшін қосымша 47 бағытты анықтады.

ОҚО ауданы - Сарыағаш қаласыныӊ хылқы мен ШОБ субъектілеріне жасалған скриниг нәтижесінде жұмыссыз адамдары бойынша ресми статистикамен және скрининг нәтижесі арасында 5 есе айырмашылық бары анықталды. Жұмыссыздардыӊ 89%-ы жасырын табыс табуда, сонымен қатар 2 156 кәсіпкер тіркелмеген. Сарыағаш кәсіпкерлері статистикаға қарағанда жұмыспен 4 есе көп қамтып отырғаны белгілі болды.

Егжей-тегжейлі талдаудыӊ осы және басқа да фактілерімен "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев Тимур Құлыбаев пен ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ Шымкент бизнесімен өткен кездесуі барысында таныстырып, көпшіліктіӊ қызығушылығын тудырды.

Еліміздіӊ оӊтүстікте орналасқан ауданы пилоттық жобаға арнайы таӊдалған болатын. ҰКП зерттеу тобы әр үйді аралап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне 100% сауалнама жүргізді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны статистикадан гөрі 5 есе көп.

Скрининг жасауға неге Сарыағаш ауданы таӊдалды?Өйткені бұл ОҚО бойынша халқы тығыз орналасқан, облыста туу көрсеткіші еӊ жоғары, жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікке белсенді аудан. Мұнда 327 842 адам тұрады, оныӊ 158 мыӊы (48%) - экономикалық белсенді. Қазіргі таӊда Сарыағашта 20 300 жұмыс істеп тұрған бизнес субъектісі бар, 78 800 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

45 347 мыӊ жеке шаруашылықтыӊ жартысы - нәтижелі жүмыспен қамтылған. Ауданда жұмыс орнымен қамту өзекті мәселе болып отыр.

Ир үйді аралап, аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне жүргізілген 100% сауалнама ресми статистика мен скрининг нәтижесі арасында бес есе ауытқу барын көрсетті. Осы ретте жұмыссыздардыӊ 89%-ы жасырын табыс табады, екі мыӊнан астам кәсіпкер ресми тіркелмеген.

Бизнеске арналған келешекті бағыттар

Скрининг нәтижесінде зерттеу тобы Сарыағаш ауданында 253 бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 47 бағытты анықтады. Олар жергілікті тұрғындар сұранысына негізделген. Міне осы бағыттарда жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандар жұмыс істеп, табыс таба алады.

"Балабақшаны мысалға келтіріп, қандай мәлімет алғанымызды көрсетейін. 29,6% респондент мектепке дейінгі жаста балалары барын және оларды балабақша беруге дайын екендерін айтты. Алайда жақын аралықта балабақша жоқ. Балабақшалардыӊ орташа қуаты негізінде қалаға қосымша 8 нысан қажет екенін анықтадық. Сонымен қатар бала күтушілер мен тәрбиешілер де сұраныста", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Дипломды жұмыссыздықты қалай жеӊуге болады?

Сарыағаш ауданы тұрғындарыныӊ 36%-ы (122 мыӊ адам) жалданбалы жұмысшы болып табылады. 78 943 (ресми мәлімет) адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 40 мыӊ адам - жұмыссыз. Эльдар Жұмағазиев бұл екі топты "сұр" аймақ деп белгілеп, осы аймақты жұмыспен қамтып немесе жеке кәсіп ашуға көмектесу қажеттігін айтты.

Аудандағы 7 колледжде 5 318 студент білім алып жатыр. Анықталғандай коледж түлектерініӊ 7,7% ғана жұмысқа орналасады екен. Тура осындай жағдай дипломы бар сарыағаштықтарда бар: жыл сайын ЖОО түлектерініӊ 37%-ы жұмыссыз және тиімсіз жұымспен қамтылғандар әскері қатарын толықтырып отырады. Соӊғы жылдары шамамен 1 мыӊ түлек метеп бітірген соӊ оқымай, еӊбек нарығына шығып кеткен.

"Біз ОҚО әкімдігіне мемлекеттік тапсырысты бөлу процесін нарық сұранысына, колледждіӊ жұмыспен қамтылу пайызына қарай қайта форматтауды, сонымен қатар, негізгі жұмыс берушілерден құрылған комиссия алдында алынған қаржыландыруды қорғауды ұсындық. Біздіӊ ойымызша, нәтиже оӊ болады", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Осылайша зерттеу нәтижесінде 122 мыӊ жұмыссыз және өз-өзін тиімсіз жұмыспен қамтыған Сарыағаш тұрғыны анықталды.

"Біз осы 121 мыӊ адамды "Атамекенніӊ" Қолдау орталығынан өткізбекпіз. Бұл орталықта "бір терезе" принципі бойынша "Бизнестіӊ жол каратсы -2020", "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту", Агробіліктілікті дамыту бағдарламаларын біріктіру керек. "Атамекен" қолдау орталығында клиентке деген қатынастыӊ өзі өзгереді: клиент өзі немесе қашықтықтан өтінім жасағанда "қысқа" қатынастыӊ орнына толық сүйемелдеу, ІТ-технологияларын қолдану. Сарыағаш ауданына кем дегенде 3 орталық қажет. Сарыағаш ауданы үшін "Бастау" бағдарламасын 12 мыӊ адамға дейін 3 жылға және оқыту мерзімін екі аптаға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз", - деді Эльдар Жұмағазиев.

"Бастау" түлектері 30 мыӊ жұмыс орнын құра алады, ал бұл жайт қысқа мерзімді оқытуды 3 жылда 75 мыӊға дейін ұлғайтуға жол ашады.

Бидай орнына көкөніс

Сарыағашта көкөніс пен жеміс өсірудіӊ әлеуеті зор. Тек Сарығаш ауданы бүкіл Қазақстанды жеміс және көкөніспен қамтамасыз алады. Бірақ, талдау көрсеткендей ауданда 30 мыӊ га жерде бидай өсірілетіні анықталды. Ал өнімділік гектарынан 1 тонна көлемнен аспайды. Яғни жер тиімділігі 1 гектар үшін 150 АҚШ долларынан аспай отыр. Ал интенсивтігі жоғары бақтардағы тиімділік 20 мыӊ АҚШ долларын құрайды. Міне, жасырын ресурс!

Сарыағашта бидай өсіруден гөрі басымдықты қарқынды бақтар шаруашылығына беру керек. Ал көкөніс пен жеміс нарығы үшін алаӊдаудыӊ қажеті жоқ, Ресейдіӊ ғана жыл сайынғы сұранысы - 1 млн тоннадан асады.

Осы ретте ШОБ үлесі ЖӨӨ-де жоғары емес, өйткені барлық кәсіпорындардыӊ 45,6%-ы тіркелмей көлеӊкеде жұмыс істеп жатыр.

Осылайша аудан кәсіпкерлік ұйымдарыныӊ барлық нысандарынан жыл сайын жалпы сомасы 20,4 млрд теӊге көлемінде жалпы ішкі өнімді, салықтық төлемдер бойынша 1,6 млрд теӊге жоғалтады!

Агро аймақтар - мәселені шешеді

Сарыағаш ауданында бәсекелестікті арттырып, жергілікті өнім өндірісін өсіру үшін заманауи жылыжай кешені және қарқынды бақтар, тазалау, өӊдеу, уақытша сақтау зоналары, сертификаттау, қаптау және брендтеу бөлімдері бар бірнеше аграрлық-индустриялық аймақ (агроаймақ) құру керек. Агро аймақ әр қатысушы үшін жекелеген жер учаскілерінен тұруы керек (2, 4, 8 га бойынша). Бұл учаскілерде су үнемдейтін технологиялар және қарқынды инновациялық әдістер қолданылады. Ал инфрақұрылымды (су, электр жарығы, газ және т.б.) тарту - жергілікті атқарушы органдар міндеті.

"Атамекен" ҚР ҰКП бұл тізбекке технологиялар, ұйымдастыру жұмыстарын қамтитын якорлық инвесторды қосуды міндетіне алады. Якорлық серіктесті және ынтымақтасу сызбасын таӊдауды бизнес "Атамекен" алаӊында талқылайды

"Біз агроаймақтар қатысушыларын тұрақты негізде оқыту мен біліктілікті арттыру, технологиялар бойынша кеӊес беру, заӊгерлік сүйемелдеу қызметімен қамтамасыз етеміз", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Нәтижесі қандай болмақ?

Сарыағаш ауданында 1 500 га жерде, оныӊ ішінде 500 га - жылыжай, 1000 га - бақтар агроаймақтарды құру бойынша бірінші кезеӊ мынадай мүкіндік береді:

o Көкөніс өндірісін 1,5-2 есе арттыруға (144,3 мыӊ тоннадан 250 мыӊ тоннаға дейін), жеміс өндірісін 2 есе (7,1 мыӊнан 15,0 мыӊ тоннаға дейін) арттыру;

o Ауданнан көкөніс пен жеміс экспортын 9 мыӊнан 50 мыӊ тоннаға дейін өсіру;

o 25 мыӊға дейін адамды жаӊа жұмыс орындарымен қамту ("Бастау" +30 мыӊ).

"Атамекенніӊ" өршіл жоспарлары

3-жылдық бағдарлама аясында біріктірілген ұсынылып отырған шаралар әрине қосымша қаржыландыруды талап етеді.

2018-2020 жылдар аралыӊында "Бастау" жобасы бойынша қамту ауқымын 10 есе ұлғайтуды ұсынымаыз, 12 мыӊ өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз, бұл мақсатты топтыӊ 10% -ын құрайды . Бұл мақсатты орындауға 219 млн теӊге қажет. Жұмыс орындары мен салық төлемдері түріндегі нәтижеге жету үшін жобамен оқыған азаматтарға жыл сайын шағын несиелеуге 64 млрд теӊге керек. Мультипликативті әсер егжей-тегжейлі есепті талап етеді, бірақ қазірдіӊ өзінде 30 мыӊ жұмыс орны туралы айтуға (10 мыӊ стартап жоба*3 жұмыс орны) болады", - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ айтуынша "Атамекен" аудан аясында 3 жылда 75 мыӊ жұмыссызды оқыту бойынша өз алдына өршіл міндет қойып отыр. Қысқа мерзімді оқыту шеӊберінде өзіндік маркетинг бойынша курстар өткізіледі, олардыӊ жартысы өзін-өзі жұмыспен қамту мен жеке кәсіпкерлікке рәсімделеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны