01.06.2018, 17:34 10313

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолыныӊ құрылысы басталды

66 шақырымдық Алматы айналма жол жобасы 1-ші техникалық категориядағы, алты жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Мұнда автокөлік құрылысымен қатар жаӊа көпірлер, көлік жол айырықтары, эстакадалар құрылысы жүргізіледі.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Алматы қаласында 31- мамырда ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин "Үлкен Алматы айналма автомобиль жолыныӊ" (ҮААЖ) құрылысын бастау салтанатына қатысты,- деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталов, Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары М. Дәрібаев, ҚР Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек қатысты.

ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары А. Мамин Мемлекет басшысы Н. И. Назарбаевтыӊ тапсырмасымен басталған"Үлкен Алматы айналма жолы" автомобиль жолыныӊ құрылысы жобасын жүргізу аса маӊызды екендігін атап өтті.

"ҮААЖ Қазақстан тарихындағы еӊ ірі мемлекеттік-жеке сектордыӊ қатысымен басталған инфрақұрылымдық жоба саналады. Жобаға әлемдегі танымал компаниялар қатысады",- дей келіп А. Мамин "жоба Қазақстанныӊ экономикалық даму қарқынын, мемлекеттік және жеке сектордыӊ өзара бірлескен іс әрекетініӊ жаӊа сапалық деӊгейге көтерілгендігін көрсетеді".

Алматы қаласыныӊ серпінді дамуы, сонымен қатар мегаполис тұрғындары саныныӊ артуы - көлік инфрақұрылымын одан әрі кеӊейтіп, жаӊа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді.

"ҮААЖ құрылысы өӊірдіӊ ғана емес, жалпы Қазақстанныӊ инфрақұрылымдық және экономикалық дамуыныӊ жаӊа кезеӊін көрсетеді",- дейді А. Мамин. ҚР Премьер- Министрініӊ бірінші орынбасары жобаны 2021 жылы аяқтауды тапсырды.

Алматы облысыныӊ әкімі А. Баталовтыӊ хабарлауынша, өӊірде инфрақұрылымдық жобаны табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалды. Автожол құрылысына жергілікті тұрғындардыӊ 90 пайызы қатыстырылып, шамамен екі мыӊ жұмыс орны ашылады.

А. Баталовтыӊ айтуынша, жергілікті атқарушы билік тарабы ҮААЖ құрылысын қарқынды жүргізуге барлық көмектері мен қолдауын білдіреді.

ҚР Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек 2018 жылы ақпанда "Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы" автомобиль жолы құрылысын жүргізу мен пайдалануға берудіӊ Концессиялық келісімін "Алсим Аларко - Макойл - СК - Корея Экспрессвэй" консорциумымен жасасқандығын атап өтті.

66 шақырымдық Алматы айналма жол жобасы 1-ші техникалық категориядағы, алты жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Мұнда автокөлік құрылысымен қатар жаӊа көпірлер, көлік жол айырықтары, эстакадалар құрылысы жүргізіледі.

Жобаны жүзеге асыру көлік қызметініӊ сапасын көтереді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Автокөліктіӊ қоршаған ортаға зиянын азайтады.

Жиын басында жобаны жүзеге асыру барысы туралы презентациямен "Алсим Арко" АҚ концессионер компаниясыныӊ вице-президенті Аббас Шахин таныстырды.

Салтанатты жиында Үкімет басшысыныӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жобаныӊ маӊыздылығына айрықша тоқталып өтті.

- Үлкен Алматы айналма автокөлік жолыныӊ құрылысы - "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ аясында жүзеге асырылып жатқан іргелі жоба. Оны жүзеге асыру Қазақстан экономикасы үшін маӊызды оқиға болмақ. Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін қолдану арқылы инфрақұрылымды дамытудыӊ алғашқы ірі жобасы, оны жүзеге асыруға ірі халықаралық компаниялар қатысады. Жобаныӊ құны 180 млрд.теӊгеге жуық. 4 жылдан кейін толық іске қосылады деп жоспарланған. Бүгін біз ҮАААЖ құрылысын басап отырмыз. Баршаӊызды осы қуанышты жаӊалықпен құттықтаймын, - деді бірінші вице-премьер.

Өз кезегінде Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов ҮАААЖ құрылысыныӊ облыс экономикасын дамытудағы маӊызына тоқталды. Бұл маӊызды автокөлік жолы облыстыӊ 3 ауданыныӊ - Қарасай, Іле, Талғар аудандарыныӊ аумағын басып өтеді.

- Бүгін біз Елбасыныӊ тікелей тапсырмасымен аса ірі жобаны бастап отырмыз. Бұл жобаныӊ Алматы облысы үшін де маӊызы зор. Елбасы саясатыныӊ арқасында және "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ нәтижесінде облыс аумағында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай", "Алматы - Талдықорған" сияқты халықаралық стандарттағы ірі автокөлік жолдары салынды, ҮАААЖ осы көлік дәліздерініӊ жалғасы болмақ. Айналма авожолы аяқталғаннан кейін бұл өз кезегінде облыстағы шағын және орта бизнестіӊ, жол бойындағы қызмет көрсету мен көлік-қойма терминалдарыныӊ дамуына әсер етіп, мультипликативті тиімділігін көрсететін болады. Сонымен қатар өнеркәсіп орындары үшін нарыққа жол ашуға мүмкіндік жасайды, - деді А. Баталов.

Сондай-ақ облыс басшысы атап өткендей, құрылыс кезінде 3 мыӊнан астам жұмыс орны құрылып, оныӊ 90 %-ін жергілікті тұрғындар құрайтын болады. Ал құрылысы аяқталғаннан кейін 2 мыӊға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы 300 млрд. теӊгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған: қажетті жер учаскелерін дер кезінде босатылды, вахталық қалашықтарды, бетон және асфальт зауыттарын орналастыру мен оларды барлық коммуникация жүйелеріне қосу, қазу орындарын белгілеу мәселелері шешілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны