24.01.2017, 20:56 5209

Ұлттық банк "Халық банкі" мен "Қазком" арасындағы келіссөздерге қатысты пікір білдірді

"Ұлттық банк "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанкі" АҚ арасындағы келіссөздердіӊ басталғандығы туралы банктердіӊ менджменті мен акционері тарабынан хабар алды

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанкі" АҚ арасындағы келіссөздердіӊ басталғандығы туралы ақпаратқа орай пікір білдірді, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұлттық банк "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанкі" АҚ арасындағы келіссөздердіӊ басталғандығы туралы банктердіӊ менджменті мен акционері тарабынан хабар алды. Қаржы нарықтарындағы жаһанданудыӊ жалғасуы және интеграциялық процестердіӊ күшеюі жағдайында банк секторыныӊ шоғырлану тенденциясы көптеген елдерге, оныӊ ішінде Қазақстанға да тән", - деді ҚР ҰБ төрағасыныӊ орынбасары Олег Смоляков.

Оныӊ айтуынша, мәміле нақты жүзеге асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктіӊ келісімін алуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық банк банктердіӊ барлық депозиттері мен кредиторларыныӊ мүдделерін қорғай алатын, сонымен бірге банк бизнесін тұрақты дамытуға қаржысы бар ірі акционерлерге ғана келісім береді.

"Сондай-ақ қазақстандық заӊнамаға сәйкес, "Қазақстанныӊ халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанкі" АҚ талқылап отырған мәміленіӊ уақытша шектеуі жоқ екендігіне де назар аудару қажет", - деп атап өтті Смоляков.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны