26.12.2016, 13:04 4043

Ұлттық Банк "Қазкоммерцбанк" АҚ-на 400,8 млрд. теӊге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру берді

"Қазкоммерцбанк" АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттыӊ жартысын қайтарды. Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттырудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ-қа банктіӊ жүйелік маӊыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теӊге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын,- деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкініӊ баспасөз қызметі.

""Қазкоммерцбанк" АҚ реттеуші талаптарды орындайды және клиенттердіӊ міндеттемелерін толық көлемде орындайды. Ұлттық Банк Басқармасы осыған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ-қа банктіӊ жүйелік маӊыздылығын ескере отырып 400,8 млрд. теӊге сомаға қысқамерзімді қаржыландыру беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қарыз банк клиенттерініӊ алдындағы міндеттемелерді орындау үшін өтімділіктіӊ қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында берілді",- делінген хабарламада.

Ұлттық банктіӊ хабарлауынша, "бүгінгі күні банк өтімді активтердіӊ жеткілікті көлеміне ие, бұл оған қарызды ішінара мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік берді". ""Қазкоммерцбанк" АҚ Ұлттық Банкке бұрын бөлінген қаражаттыӊ жартысын қайтарды. Қазіргі уақытта банктерді капиталдандыруды ұлғайту банк секторыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттырудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі болып табылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк ағымдағы қадағалау процесі шеӊберінде акционерлермен, оныӊ ішінде "Қазкоммерцбанк" АҚ-тыӊ акционерлерімен капиталдандыру деӊгейін арттыру жөнінде келіссөздер жүргізуде",- делінген ұлттық реттеуші таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны