08.12.2016, 13:19 4502

Ұлттық экономика министрлігі өкілдері Шымкентте заӊнамадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетулерді таныстырды

Семинар-кеӊесті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, БҰҰДБ-мен бірлесе ұйымдастырды. Оған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердіӊ әкімдері қатысты.

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын талқылау мәселесі және оныӊ мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жөнінде семинар-кеӊес өткізілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Семинар-кеӊесті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, БҰҰДБ-мен бірлесе ұйымдастырды. Оған Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердіӊ әкімдері қатысты.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтыӊ "100 нақты қадам Ұлт жоспарыныӊ" 98 - қадамын іске асыру мақсатында әзірленген жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджеті пен коммуналдық меншігін енгізу тұрғысынан жергілікті басқаруды дамыту мәселелері бойынша заӊнамадағы жаӊа түзетулер семинар-кеӊесте талқыланды.

Заӊ жобасына сәйкес ЖӨБ бюджеті аудандық маӊызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деӊгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік бюджеттіӊ 4-ші деӊгейі ретінде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде енгізіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заӊнаманыӊ жаӊа түзетулері:

- жергілікті маӊызы бар өзекті мәселелерді шешудегі жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ қаржылық және экономикалық дербестігін кеӊейтуге;

- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардыӊ шешiмдер қабылдау процесiне қатысу мүмкіндіктерін кеӊейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Семинар-кеӊес барысында қолданыстағы Заӊнама, сондай-ақ қабылданып жатқан Заӊ жобасыныӊ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігініӊ өкілдері Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Түлкібас ауданыныӊ Састөбе кентіне сапарлап, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ жұмысымен танысып қайтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны