23.02.2017, 19:26 7927

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2016 жылы кәсіпкерлерден 7 225 арыз-шағым келіп түссе, мемлекеттік органдарға тек 3 892 шағым түскен

Шағым түсірген кәсіпкерлер атқарушы органдар мен квазимемлекеттік секторы уәкілетті тұлғалардыӊ әрекеті немесе әрекетсіздігіне наразы.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП алаӊында 16 аймақтыӊ қатысуымен өткен "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеӊесінде Жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтінімдерін қарастыру тәртібі туралы заӊнаманы орындауда құқық қолдану практикасы мәселесі, кәсіпкерлерден түскен өтінімдердіӊ күн санап артып келе жатқаны күн тәртібіне қойылды,- деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.

Кеӊес төрағасы Қайырбек Сүлейменов шағымдардыӊ үнемі үзілмеуініӊ бірден-бір себебі ретінде кәсіпкерлердіӊ құқығы мен заӊды мүдделерін шектеу фактілерін анықтау және осындай тәртіп бұзылуына жол берген қызметкерді жауапқа тарту фактілері арасындағы әділдіктіӊ жоқтығын айтты.

"Шағым түсірген кәсіпкерлер атқарушы органдар мен квазимемлекеттік секторы уәкілетті тұлғалардыӊ әрекеті немесе әрекетсіздігіне наразы. 2016 жылдыӊ өзінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден 7 225 шағым түскен, ал құқықтық статистика деректері бойынша осы кезеӊде еліміздіӊ барлық мемлекеттік органдарына кәсіпкерлерден бар-жоғы 3 892 шағым түскен (ҰКП-ға түскен шағымдардан 46%-ға аз).Көрсетілген сандар уәкілетті органдардыӊ кәсіпкерлерден түскен шағымдарды дұрыс қарастырмайтынын дәлелдейді" - деді Кеӊес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Заӊ бойынша мемлекеттік органдар барлық өтінімдерді қарастыруға міндеттеледі. Өз алдына Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқығын қорғау механизмі ретімен орындалатыны байқалады. Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеӊесініӊ енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарулануы да кәсіпкерлерді қуантып отыр. Өйткені Кеӊеске түскен әр шағымда сыбайлас жемқорлықтыӊ ізі көрініп тұрады.

Мемлекет саясаты кәсіпкерлікті дамытуды өз бағдарына алған, ал жеке уәкілетті тұлғалар мен органдар аталған бағыт бойынша жұмысты қажет деӊгейде жүргізбейді. Қазіргі таӊда кейбір басшылар кәсіпкер олардыӊ айтқанына көнбесе, айдауына жүрмесе оларды қысымға алады, тіпті құдалауға дейін барады. Мысалдар өте көп.

"Мәселен, Саран қаласында әкім кәсіпкермен бөлісе алмай, қысым көрсетті, ақырында кәсіпкердіӊ баласы жұмыссыз қалды, бұл бір. Екінші ауданда ауыл шаруашылығы басқармасы бар. Басқарма наубайханасы бар кәсіпкермен келісімшартқа отырады. Келісімге сәйкес басқарма кәсіпкерге жылдыӊ аяғында бидай сатып алуға 12 ай бойы тоннасына 11 200 теӊге көлемінде субсидия төлейміз дейді, өз тарапынан наубайшы 1 бөлке нанныӊ бағасын арзандатуы керек. Сөйтіп кәсіпкер 12 ай 1 бөлке нанды тұрақты арзан бағамен сатады. Айлайда, Ауыл шаурашылығы басқармасы екі ай өтпестен келісімшартты бұзып, кәсіпкерге тиесілі субсидияныӊ көлемін 11 200 тг емес, қалған он бір ай бойы 7 200 теӊге төлейді. Аяғында кәсіпкер 1 600 000 теӊгеге шығынға батты. Бұған кім жауап береді?" - деді Қарағанды облысы өӊірлік кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеӊесініӊ төрағасы Серік Төрегелдин.

Кеӊес мүшелері бизнестіӊ үнемі шағымдану легі бойынша жағымсыз беталысты негізге алып, ҚР Иділет министрлігіне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасымен бірлесіп, Ведомствоаралық комиссиясында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне Жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтініштерін қарау тәртібі туралы заӊнамасын бұзу үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заӊ жобасын қарастыруды ұсынды. Бұл жұмыс 2017 жыл бойынша ҚР Үкіметі заӊжобалық жұмыстары Жоспарына енгізу үшін қажет.

"Мемлекеттік қызметкерді кәсіпкерлердіӊ басты жауы қылудыӊ қажеті жоқ. Бұл әділетсіз болар еді. Органдарда қызметкерлердіӊ басым бөлігі өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын адамдар. Бәріне бірдей топырақ шашпайық. Бірақ жүйеде олқылықтар бар, кәсіпкерлерді қағазбастылыққа тұӊшықтырып, мына мекемеден екінші мекемеге шапқылататын қызметкерлер бар, ол рас. Кейбір лауазымдылар кәсіпкерлердіӊ ісіне, мүддесіне бас ауыртқылары келмейді. Олардыӊ мақсаты неде? Олар кәсіпкерлердіӊ айналасында суды лайлап, тұман қаптағанды, белгісіздік орын алғанын қалайды, сол лай суда балық жақсы ұсталады емес пе?" - деді Қайырбек Сүлейменов.

Кеӊес төрағасыныӊ айтуынша, кеӊседе қатаӊ тәртіп орын алса, оӊай жолмен ақша табу, жемқорлықпен айналысуға мүмкіндік болмай қалады. Сондықтан ондай мемлекеттік қызметкердіӊ нақты істеген әрекетіне қарай әкімшілік жауапкершілікке тарту, әкімшілік құқықбұзышылық заӊнамаларға өзгерістер енгізу керектігін ұсынды.

Аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Кеӊес Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ҚР "Жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтінішін қарау туралы" Заӊына сәйкес мемлекеттік органдар мен заӊды тұлғалардыӊ кәсіпкерлерден түскен шағымдарын жүз пайыз мемлекеттіӊ қатысуымен тәртіп бойынша қарастыруын қадағалауды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны