21.01.2019, 21:17 8071

Жамбыл облысында 46 мыӊ гектар игерусіз жатқан бос жерлердіӊ бар екендігі анықталған

Жиында ет экспортын арттыру мәселесі, шаруашылықтарды минералды тыӊайтқыштармен қамту жағдайы қаралды. Ал, осы саладағы өзекті мәселеніӊ бірі болған қант қызылшасы дақылын өсіру жұмыстарында да бірқатар кемшіліктер орын алған. Мәселен: жыл басында 8400 гектар жерге тәтті түбір егілді деп есеп берілсе, оныӊ 6300 тоннасы ғана қант зауыттарына өткізіліп отыр.

Тараз. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінде аймақ басшысы А.Мырзахметовтыӊ қатысуымен өткен жиында өӊірдегі өзекті саланыӊ бірі саналатын ауылшаруашылығы мен жер қатынастары басқармасыныӊ 2018 жылдыӊ 12-айында атқарған жұмыстарыныӊ есебі тыӊдалды.

Өткен жылы Жамбыл облысыныӊ ауылшаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Барлық сала 102-106 пайызға дейін артығымен орындалған. Тек, кейбір жекелеген аудандарда инвестиция тарту мен ет экспортында төмен көрсеткіш байқалды. Алайда, олжалпыоблыстықкөрсеткішесебіментолықтырылыпотыр.

Бүгінгі жиында сол артта қалған аудандар жөнінде де сөз болды. Бұл жаӊа форматтағы жиын болғандықтан, әр аудан әкімініӊ осы салаға қатысты орынбасарлары орындарынан тұрып жауап беруге тура келді. Мәселен: Мойынқұм өӊірінде ет экспорты төмендеп, ауылшаруашылығы саласындағы несие беру жағы кері кеткен. Ал, Талас пен Жуалыда инвестиция тартужұмыстары алға жылжымай отыр. Бұдан бөлек, облыс басшысына 12 айдағы барлық саладағы ахуал жеке-жеке баяндалды.

Ауылшаруашылығы өӊір экономкасын арттыру бағытындағы негізгі сала болғандықтан оған артылар жүк те жеӊіл емес. Жыл басында берілген тапсырмалардан бөлек, облыс әкімі бүгінгі жиында негізгі екі мәселені көтерді. Ол ауылшаруашылығы кооперативтерін құру және несие беруді арттыру. Сонда ғана жұмыс жүйелене түспек. Мәселен: қазір өӊірімізде 30 ғана кооператив жұмыс істейді екен. Бұл 153 ауылдық округке қайдан жетсін. Қажет болатын болса, біз сол 153 ауылдық округтердіӊ бәріне кооперативтер құруымыз керек. Ол қағаз жүзінде емес, іс жүзінде болуы тиіс деді Асқар Мырзахметов. Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылды жерде тұрып жатқан әрбір тұрғынныӊ күнкөрісіне тиісті қолғабыс жасау. Яғни, олардыӊ әлеуметтік жағдайын көтеру өз алдына, біз үшін ұтатын тағы бір мәселе мал шаруашылығына қатысты өнімділікті арттыру. Қолда өнім бар, өнімділігі төмен. Өйткені, жаӊағындай оныӊ өӊдеуі жоқ. Ал, кооперативтер соны шешудіӊ бірден бір тетігі. Ал, несиеге келсек, ол бүгінде барынша жеӊілдетіліп отыр. Ешқандай, екінші деӊгейлі банк шаруаларға ондай жеӊіл несие бермейді. Соны түсіну керектігін тілге тиек етті.

Жиында ет экспортын арттыру мәселесі, шаруашылықтарды минералды тыӊайтқыштармен қамту жағдайы қаралды. Ал, осы саладағы өзекті мәселеніӊ бірі болған қант қызылшасы дақылын өсіру жұмыстарында да бірқатар кемшіліктер орын алған. Мәселен: жыл басында 8400 гектар жерге тәтті түбір егілді деп есеп берілсе, оныӊ 6300 тоннасы ғана қант зауыттарына өткізіліп отыр. Кооперативтер құру мен ауылшаруашылығы саласын әртараптандыру бойынша жауапты басқарма мен аудан әкімініӊ орынбасарларына нақты тапсырма берілді.

Дәл осы жиында қаралған екінші мәселе Жамбылдағы жердіӊ жағдайы. Суармалы егістік көлемі мен пайдаланылмай жатқан жер телімдері қанша? Жыл басында облыс әкімініӊ тапсырмасына орай жерлердіӊ ғарыштық түсірілім жасалып, нәтижесінде 46 мыӊ гектар игерусіз жатқан бос жерлердіӊ бар екендігі анықталған. Ал, Жамбылда шаруалар 40 мыӊ гектардан астам жер сұрап, өз шаруашылығын дөӊгелетіп әкете алмай отыр деді облыс басшысы. Осыған байланысты нақты талдау жасауды ұсынып, жауапты басқарманыӊ 12 айда атқарған жұмысыныӊ есебін тыӊдады.

Қорытынды жиын соӊында барлық айтылған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетінін айтқан аймақ басшысы, берілген тапсырманыӊ орындалуы жөнінде бір айдан кейін тағы бір кеӊес өткізетінін еске салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны