19.01.2018, 17:49 8048

Жаӊа Кеден кодексі күшіне енуге байланысты электронды декларация қолданыла бастайды

Бұрындары декларация өткізушілер 4 түрлі құжат толтырып, оларды рәсімдеу үшін брокерлерге төлеп келген. Электронды декларация осыныӊ барлығын қысқартады. Қағаз декларация техникалық ауытқулар орын алғанда ғана жүргізілуі ықтимал.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап жаӊа Кеден кодексі күшіне енді.

Шекаралық байланыс, саудадағы алыс-беріс пен импорт-экспорттыӊ барлығы да кеден арқылы өтеді. Қазақстанда мемлекеттік шекарасын айқындап бекіткен жеке мемлекет ретінде кедендік өткізу/қабылдау бекеттері жұмыс істейді. Кедендік ақпарат жарияланған keden.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстан Республикасыныӊ Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен шектесетін мемлекеттік шекарасында 30-дан астам өткізу бекеті жұмыс істейді.

Қытай шекарасындағы халықаралық өткізу бекет Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарыныӊ аумағына жатады. Қорғас, Қалжат, Алакөл, Бақты, Майқапшағай, Достық бекеттері Қытай мен Қазақстан арасындағы барыс-келіс пен тауар айналымыныӊ қауіпсіздігіне жауапты.

Тиісінше Қырғыз Республикасымен арадағы шекаралық байланысты Жамбыл облысы кеден бақылау департаменті 7 кеден бекеті арқылы басқарады.

Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылауды Оӊтүстік Қазақстан облысы кедендік бақылау департаменті 8 кеден бекеті арқылы жүргізеді. Ал Маӊғыстау облысында Бейнеу, Тәжен кеден бекеттері Өзбекстан Мен Қазақстан арасындағы сақтық шараларына жауапты. Ал Түркіменстан шекарасындағы байланысты Темір баба кедендік бекеті жүзеге асырып отыр.

Қазақстанныӊ Солтүстік Шығысы, Солтүстік және Солтүстік Батыс аймағы түгел дерлік Ресей Федерациясымен шекараласады. Осы аумақтағы кеден бақылауы және бар.

Сонымен қатар, "Ақтау", "Қарашекпен" теӊіз порты мен Атырау, Өскемен, Тараз, Шымкент және тағы басқа да қалалардыӊ әуежайы арқылы да кедендік бақылау жүргізіледі. Мұныӊ барлығы да елдіӊ қауіпсіздігі мен тыныштығы, жеткізілетін тауарлардыӊ сапалылығы мен дұрыстығы, елден заӊды тауардыӊ шығарылуын қамтамасыз ететіні анық.

Бұл бекеттердіӊ барлығынан да жүк қозғалысы бақылауға алынып, оныӊ қауіпсіздігі мен сапалылығын қадағалауда қауырт уақыт кететіні белгілі. Мемлекет басшысы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Жолдауында ""Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардыӊ кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеӊілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардыӊ ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажет. Заманауи шешімдер логистиканыӊ барлық буыныныӊ өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді" деп ерекше атап өтіп, мақсатты тапсырманы жүктеді.

Бұл тапсырманыӊ орындалу қарқыны жаман емес. 2017 жылдыӊ 26 желтоқсанында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" кодексіне қол қойды, яғни 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" жаӊа Кеден кодексі күшіне енді. Бұл кодекстіӊ дайындалуына бизнес-қоғамдастық қатысып, 500-ден аса ұсынысы енді.

Кодекстіӊ өзінде адам факторыныӊ қатысуын азайтуға және электронды декларациялауға басымдық берілген. Қазақстан бизнес-қоғамдастығыныӊ тікелей қатысуымен дайындалған құжат кедендік рәсімдеу процедураларын жеӊілдетіп, уақыт пен қаржыныӊ шығынын төмендетуге бақытталған. Бұл кодексте электрондық кедендік декларациялауға басымдық берілген. Сондай-ақ, кедендік декларацияларды кеден органдарыныӊ лауазымды тұлғаларыныӊ қатысуынсыз - ақпараттық жүйелерді қолданумен автоматты түрде тіркеу және шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл ретте кедендік операцияларды жасауды жылдамдату мақсатында біруақытта бірнеше кедендік операциялар кезінде қолданыла алатын қосымша алдын ала ақпаратты ұсыну қарастырылған. Ал бизнесті жүргізуді оӊайлату мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кеден бажын кейін төлеу немесе бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Бұл кодекс арқылы үш типті куәлікті енгізумен уәкілетті экономикалық операторлар институты жетілдірілді.

o Бірінші типті куәлік Еуразиялық экономикалық одағыныӊ барлық аумағында тауарлардыӊ транзиті кезінде оӊайлатуларды қолдануға мүмкіндік береді.

o Куәліктіӊ екінші типі бойынша тауарларды тікелей Қазақстан Республикасы аумағында кедендік тазарту кезінде оӊайлатуға болады.

o Куәліктіӊ үшінші типі уәкілетті экономикалық операторлардыӊ бірінші және екінші типтері үшін ұсынылатын кешенді оӊайлатулармен қолдануға мүмкіндік береді.

Еуропалық одақ елдерінде қолданыстағы тәжірибеге ұқсас Қазақстан Республикасына келетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа елдер арасында тасымалдайтын тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сату мүмкіндігіне жол беріледі.

Кедендік заӊнаманыӊ барлық жаӊашылықтары мен оӊайлатулары сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеӊілдетумен отандық экономиканы дамыту үшін жағдай жасауға арналған.

Кедендік әкімшілендіруді жетілдірудегі өзекті мәселеніӊ бірі тауарларға арналған декларацияны ұсыну кезінде адам факторын болдырмауға мүмкіндік беретін электронды декларациялауды енгізу. Осы мәселені шешу мақсатында еӊ алдымен электронды декларациялау жүйесін жүзеге асыру үшін кедендік және салықтық әкімшілендірудіӊ автоматтандырылған жүйесініӊ біріктірілген кеден компонентін ендіру туралы шешім қабылданды. Бұл ақпараттық жүйе (АСТАНА-1 АЖ) Бүкіләлемдік сауда ұйымыныӊ нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес, 90-нан астам елдерде белсенді қолданылатын ASYCUDA бағдарламасы негізінде жасалған.

Бастапқыда 2015 жылдыӊ желтоқсаны мен 2016 жылдыӊ маусымы аралығында Мемлекеттік кірістер комитетініӊ орталық аппаратында АСТАНА-1 бағдарламасын электронды декларациялаудыӊ толық кезеӊін (алдын ала кедендік амалдар мен тауарды босатқанға дейін) жасау және орнату жұмыстары жүргізілді.

2016 жылдыӊ шілде айынан бастап Астана, Алматы қалалары және Алматы, Қарағанды облыстар бойынша МКД базасында қанатқақты сынақтар жүргізілген. Ал басқа аймақтардағы сынақ бастамалары 2017 жылдыӊ қаӊтар айынан жүргізілді.

"Бір терезе" механизмі - сыртқы сауда процедурасын жеӊілдетудегі тиімді құралдыӊ бірі, құқықтық, технологиялық және техникалық аспектілерді революция жасауға, қолданыстағы бизнес-процесттердіӊ трансформациясын қамтамасыз етуге және заӊды маӊызды мәліметтерді қолдануға өтуге қабілетті, осылайша көпшілікке сыртқы экономикалық қызметті мәліметтер, бизнес-процестер мен өзгерістер ағымын басқара отырып, тікелей жеке кабинеті арқылы жүргізу мүмкіндігі беріледі.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментініӊ хабарлауынша кедендік бақылауда өтуде электронды декларацияны енгізу жалпы 4 млрд теӊге сомасын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бір транзиттіӊ декларацияны толтыру қызметі брокерлерде 10 мыӊнан 20 мыӊ теӊгеге дейін тұрады. Мысалы 2016 жылы 264 мыӊ транзиттік декларация жасалған, ал электронды декларациялауда 4 млн теӊгеге жуық қаражатты үнемдеуге болады.

Бұрындары декларация өткізушілер 4 түрлі құжат толтырып, оларды рәсімдеу үшін брокерлерге төлеп келген. Электронды декларация осыныӊ барлығын қысқартады. Қағаз декларация техникалық ауытқулар орын алғанда ғана жүргізілуі ықтимал.

Елімізде 2017 жылдыӊ 1 қазанынан бастап "Астана - 1" ақпараттық жүйесініӊ бірінші компоненті іске қосылғанда екі күн ішінде 1 157 декларация рәсімделіп, рәсімдеуге орташа есеппен 16 минут уақыт жұмсалған. Бұл уақыттыӊ айтарлықтай үнемделгенін көрсетеді.

Мемлекеттік органдар бизнес жаӊа жүйеден қаражатты нақты үнемдеуді сезеді, себебі алдын ала ақпарат транзиттік декларациялауға трансформацияланды және енді рәсімдеуге екі мәрте уақыт пен ақша жұмсаудыӊ қажеті жоқ екенін екреше атады.

Жаӊа Кеден кодексі күшіне енген соӊ тауарларға қатысты келесі 17 кедендік процедуралар: ішкі пайдалану үшін шығару, экспорт, кеден транзиті, кеден қоймасы, кеден аумағында қайта өӊдеу, кеден аумағынан тыс қайта өӊдеу, ішкі қолдану үшін қайта өӊдеу, кедендік еркін аймақ, бос қойма, уақытша әкелім (кіру рұқсаты), уақытша әкетілім, кері импорт, кері экспорт, бажсыз сауда, жою, мемлекет пайдасына бас тарту, кедендік арнайы процедура электронды жүйеге өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны