22.10.2016, 15:22 4531

Жансейіт Түймебаев "Оӊтүстік" көлік-логистикалық аймағында болды

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қойма логистикасы саласында көп жылдық тәжірибе жинақтаған компанияныӊ жеке инвестициясы есебінен 28 млрд. теӊге тартылған.

Шымкент. 22 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев "Оӊтүстік" көлік-логистикалық аймағында болып, нысандардыӊ құрылыс барысымен танысты,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бүгінде бұл аймақтыӊ аумағында 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Көлік-логистикалық аймағында инфрақұрылыммен толығымен жабдықталған 92 гектар аумақта 242,5 мыӊ шаршы метр "А" және "Б" сыныпты қойма кешендерін салу қарастырылған.

Бұл көлік-логистикалық аймағы бір уақытта әртүрлі және мөлшері де сан алуан 300 мыӊ тонна жүкті түсіруге мүмкіндік беретін стеллаж жүйесі бар және қоймаға сақтаудыӊ автоматтандырылған үдерісіне негізделген Қазақстандағы еӊ заманауи қойма кешені болады деп күтілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қойма логистикасы саласында көп жылдық тәжірибе жинақтаған компанияныӊ жеке инвестициясы есебінен 28 млрд. теӊге тартылған.

Көлік-логистикалық аймаққа қатысушылармен танысу барысында коммуналдық инфрақұрылым нысандарына қосу проблемасы айтылды.

Икім уәкілетті органдарға бұл мәселені дереу шешуді жүктеді. Бүгінгі жағдаймен қатысушыларға техникалық шарттарды беру үшін құжаттар топтамасын жасақтау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев орталық аумағында тек ауалшаруашылығы тауарларын ұзақ уақыт сақтау қуаттылықтарын ғана құрумен шектелмей, сонымен бірге оларды өӊдеу, калибрлеу және орап-буып-түю цехтарын да құру қажеттігін, бұл өз кезегінде ақырғы өнімніӊ қосылған құнын ұлғайтумен бірге, оны шетелдік барынша өркениетті нарықтарға экспорттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар облыс әкімі кешендер құрылысына арнап жер телімін алуға қатысты кәсіпкерлер тарапынан ауқымды сұраныстыӊ барлығын ескере келе, көлік-логистикалық аймағыныӊ аумағын келешекте кеӊейту мақсатына арнап қосымша 100 га жерді резервке қоюды тапсырды.

Көлік-логистикалық аймағы әуежайға, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автодәлізіне және трансазиялық теміржол магистраліне барынша жақын орналасқандығымен бірегей, бұл жүк тасымалын кез-келген ыӊғайлы әрі тиімді тәсілмен жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндігін айта кеткен жөн.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны