23.02.2017, 18:55 7067

Жыл басынан Қызылорда облысында 10 кәсіпкердіӊ жобасы бірыӊғай бизнесті қолдау бағдарламасы аясында кешенді қолдау тапты

Металлургия өнеркәсібі, киім және тамақ өнімдерін өндіру салаларында қызмет көрсететін кәсіпорындар екінші деӊгейлі банктерден несие алып,оныӊ пайыздық үстемесін 7-ден 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алды.

Қызылорда. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Жыл басынан Қызылорда облысында 10 кәсіпкердіӊ жобасы "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында кешенді қолдау тапты,- деп хабарлайды облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Металлургия өнеркәсібі, киім және тамақ өнімдерін өндіру салаларында қызмет көрсететін кәсіпорындар екінші деӊгейлі банктерден несие алып,оныӊ пайыздық үстемесін 7-ден 10%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік алды.

Кәсіпкерлердіӊ 70%-ы кепілзат жетіспеушілігінен туындаған мәселесін жартылай кепілдендіру құралыныӊ көмегімен шешіп отыр. Екінші деӊгейлі банктерден қаражат тартуға қажетті кепілдемені кәсіпкерлерге "Даму" Қоры ұсынды.

Жеке кәсіпкер Жандос Жәркеев "Даму" Қорыныӊ субсидия және жартылай кепілдендіру секілді қаржы құралдарыныӊ көмегімен өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алды. Көп жылдан бері типографиялық және полиграфиялық өнім өндіру саласында бизнесін дөӊгелетіп отырған кәсіпкердіӊ басты мақсаты, жалға алынған ғимаратта орналасқан цехын кеӊейту болыпты. Мемлекет қолдауы нәтижесінде "Forte Bank" АҚ-нан рәсімдеген несиеге жеке кәсіпкер арнайы жабдықталған ғимарат алып,өз бизнесін ұлғайтуға мүмкіндік алды.

Қармақшылық кәсіпкер Бақыткүл Бексейітова "Даму" Қорыныӊ 50% кепілдемесімен "Сбербанк" АҚ ЕБ-нен 20 млн.теӊге көлемінде несие рәсімдеп, айналым қаражатын толықтырды. "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердіӊ несиесі мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Нәтижесінде несиеніӊ пайыздық үстемесі 5 %-ға дейін төмендетілді. Бақыткүл Бексейітованыӊ айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау арқасында ол кәсібін дамытып, кеӊейтуге шексіз мүмкіндік алып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны