21.10.2016, 19:36 4277

Жылдыӊ соӊына таман инфляция нысаналы дәліздіӊ жоғарғы шегі 6-8% мөлшеріне жетеді деп күтілуде - Д.Ақышев

Банктердегі кредиттердіӊ көлемі 2016 жылғы қыркүйекте 2015 жылдыӊ соӊындағы деӊгейде дерлік сақталып, 12,7 трлн. теӊгені құрады.

Өскемен. 21 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев "Алтай Invest-2016" Халықаралық инвестициялық форумыныӊ жұмысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Өскемен қаласына келді. Сондай-ақ ҚР ҰБ басшысы ҚР ҰБ-тыӊ Шығыс Қазақстан филиалына және Қазақстан теӊге сарайына барды, деп хабарлады реттеушініӊ баспасөз қызметі.

"Шығыс Қазақстанда түсті металдар кен орындарыныӊ болуы бұл өӊірдіӊ дамуыныӊ экономикалық негізін айқындады. Шығыс Қазақстан облысы республикада мырыш, титан және магнийді, сондай-ақ сирек металдарды және атом электр станцияларына арналған отынды жалғыз өндіруші. Сондықтан ол шын мәнінде еліміздіӊ индустриялық мақтанышы болып саналады", - деп атап өтті Д. Ақышев жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында. Оныӊ айтуы бойынша, Шығыс Қазақстан облысыныӊ өндірілген жалпы өӊірлік өнімніӊ 2016 жылғы 6 айдағы көлемі 1,1 трлн. теӊге болды. Облыстыӊ Қазақстан Республикасыныӊ ІЖӨ-сіндегі жалпы өӊірлік өнімініӊ үлесі 5,8%-ды құрайды. Өнеркәсіптік өндірістіӊ көлемі 2016 жылғы 9 айда 4,9%-ға ұлғайды. "Облыстыӊ банк секторы банктердіӊ 30 филиалынан құралады. Облыстыӊ банктеріндегі депозиттердіӊ үлесі 2016 жылғы 8 айда 481,9 млрд. теӊгеге дейін 26,8%-ға ұлғайды. Облыс бойынша инфляция 2016 жылғы қаӊтар-қыркүйек аралығында 5,4% деӊгейде қалыптасты, бұл республикалық көрсеткіштен (5,6%) төмен", - деген деректерді келтірді Д. Ақышев.

Қазақстан басқа елдердіӊ тапсырысы бойынша бағалы металдардан монеталар дайындайды. Илемде 69 монета сарайы бар, алайда, ТМД елдерінде 3-уі ғана жұмыс істейді (Қазақстан, Ресей, Украина). Бұл туралы Өскемен қаласында жергілікті БАҚ үшін өткен брифинг барысында ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Д. Ақышев Қазақстан теӊге сарайыныӊ монеталарды дайындаудыӊ толық өндірістік циклы қосылған жоғары технологиялық жабдығы бар кәсіпорын ретіндегі бірегейлігін атап өтті. "Металл өӊдеу және заманауи монеталар мен қорғалған өнімді өндіру саласында бірегей біліктілігі бар қызметкерлер қалыптасқан. Бұдан басқа, ұжымныӊ бірлігі, кәсіби дәстүрлердіӊ сабақтастығы сақталып отыр және кейінгі қызметкерлерге баға жетпес тәжірибені беру мақсатында кадрлар дайындау жүйесі ретке келтірілген", - деді Қазақстан Ұлттық Банкініӊ басшысы. Оныӊ айтуы бойынша, өнімніӊ сапасы мен қызметкерлердіӊ біліктілігі Қазақстан теӊге сарайын жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті, оныӊ ішінде экспортқа бағдарланған кәсіпорын ретінде тануға мүмкіндік береді. "Экспорттық қызметтер Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь сияқты елдерге көрсетіледі. Сондай-ақ, Германия мен Польша компанияларыныӊ тапсырыстары бойынша бағалы металдардан ұлттық валютаныӊ монеталары дайындалады", - деп хабарлады Д. Ақышев.

Бүгін Өскеменде жергілікті БАҚ үшін болып өткен брифинг барысында Қазақстан Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты және еліміздіӊ қаржы нарығындағы соӊғы үрдістер туралы айтып берді. "Ұлттық Банктіӊ негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. 2016 жылғы қыркүйектіӊ қорытындысы бойынша инфляция 0,2%, ал жылдыӊ басынан бастап 5,6% деӊгейінде қалыптасты. Біз жылдыӊ қорытындысы бойынша жылдыӊ соӊына таман инфляция нысаналы дәліздіӊ жоғарғы шегі 6-8% мөлшеріне жетеді деп күтудеміз", - деп реттеушініӊ болжамын жеткізді Д. Ақышев. Ол бағалардыӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарына негізделген теӊгерімді ақша-кредит саясатын жүргізетінін атап өтті. Бұл ретте, теӊгеніӊ өзгермелі айырбастау бағамыныӊ режімі кезінде пайыздық саясатқа басты назар аударылады. "Ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Айырбастау бағамыныӊ күнделікті әрі-бері құбылуы қалыпты шектерде орын алып отыр. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 20 қазанда бағам доллар үшін 330,56 теӊгені құрады. Жылдыӊ басынан бастап нығаю 2,8%, айдыӊ басынан бастап 1,5% болды, - деп сөзін жалғастырды Д. Ақышев. - 2016 жылғы қыркүйектен бастап Ұлттық Банк валюта нарығында өктемдік жүргізбейді, тиісінше біздіӊ қатысу үлесіміз 0%-ды құрайды. Теӊгеніӊ бағамы қазіргі кезде оӊ серпінге ие орнықты факторлардыӊ әсерінен ғана қалыптасады". Қазақстан Ұлттық Банкініӊ АВР қыркүйекте 31,4 млрд. долларды құрады Теӊгеніӊ өзгермелі бағамы саясаты елдіӊ алтын-валюта резервтерін сақтауға ғана емес, сонымен қатар оларды қалпына келтіру процесін бастауға мүмкіндік жасады. Ұлттық Банктіӊ алтынвалюта резервтері қыркүйекте 2,9%-ға өсіп, 31,4 млрд. долларды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев Өскеменде жергілікті БАҚ үшін өткен брифинг барысында хабарлады. Ол сондай-ақ Ұлттық қордыӊ валюталық активтерініӊ қыркүйектіӊ қорытындысы бойынша 64,4 млрд. долларды құрағанын хабарлады. Оныӊ айтуы бойынша елдіӊ халықаралық резервтері 2016 жылғы қыркүйектіӊ соӊында жалпы 95,8 млрд. долларды құрады. "Қаржы нарығындағы ахуалдыӊ байқалып отырған жақсаруы, экономикада оӊ белгілердіӊ пайда болуы және оӊ күтулердіӊ қалыптасуы қазанныӊ басында біздіӊ базалық мөлшерлемені 12,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдау факторы болды. Тәуекелдердіӊ төмендеуіне және экономикада байқалып отырған үрдістердіӊ орнықтылығын растауға қарай базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету жоққа шығарылмайды", - деп толықтырды Д. Ақышев. Нарыққа қатысушылардыӊ Ұлттық Банк саясатына деген сенімі қалпына келуде.

2016 жылы Ұлттық Банк ішкі нарықтағы ақша құнына бағдар болатын кірістілік қисығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Д.Ақышев Өскемен қаласында өткен брифингтегі сөзінде мәлімдеді. "Бұл мақсаттар үшін қыркүйекте, 2008 жылдан бері алғашқы рет, айналыс мерзімі 1 жыл құрайтын ноттар шығарылды, оларға деген сұраныс ұсыныстан 3-4 есе асып түсті. Бұл нарыққа қатысушылардыӊ Ұлттық Банктіӊ жүргізіп отырған саясатына сенімініӊ қалпына келе бастауыныӊ және бос теӊге қорларын ұзақ мерзімге орналастыруға әзірлігініӊ дәлелі", - деп атап өтті Д.Ақышев. Оныӊ айтуынша, ақша нарығында теӊге өтімділігініӊ құрылымдық профициті сақталуда. Осыған байланысты Ұлттық Банктіӊ артық өтімділікті алып қою бойынша операциялардыӊ көлемі артуда. Бұл ретте артық өтімділіктіӊ негізгі көлемі қысқамерзімді ноттарды орналастыру арқылы реттеледі. Долларлану төмендеуде. Алдын ала деректерге сүйенсек, қыркүйекте теӊгемен депозиттердіӊ қайтадан өсуі байқалды. Банктердегі кредиттердіӊ көлемі 2016 жылғы қыркүйекте 2015 жылдыӊ соӊындағы деӊгейде дерлік сақталып, 12,7 трлн. теӊгені құрады. Кредиттердіӊ өсуі өӊдеу өнеркәсібінде, ауылшаруашылығында және құрылыс саласында байқалды. Кредиттеуді одан әрі кеӊейтуге жуықта болған базалық мөлшерлемені төмендету және ақша нарығындағы ресурстардыӊ құнын тиісті тұрақтандыру ықпал ететін болады", - деп сөзін жалғастырды Д.Ақышев. Оныӊ айтуынша, қолайлы бизнес-ахуалдыӊ, тұрақты экономикамен, сондай-ақ қаржы секторымен үйлескен мемлекет тарапынан инвестицияны қолдау бойынша тартымды шаралардыӊ болуы Қазақстанға инвестицияларды табысты тартудыӊ көзі болмақ.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми деректері бойынша 2016 жылғы қыркүйекте инфляция 0,2% (2015 жылғы қыркүйекте - 1,0%) болды. Азық-түлік тауарлары 0,3%-ға (0,6%-ға өсу) арзандады, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%-ға (2,0%-ға өсу) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4%-ға (0,7%-ға өсу) өсті. Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы қыркүйекте қанттыӊ бағасы 5,9%-ға, жемістер - 1,4%-ға, көкөністер - 8,9%-ға, оныӊ ішінде картоп - 16,2%-ға, сәбіз - 15,2%-ға, пияз - 13,7%-ға төмендеді. Жұмыртқаныӊ бағасы 5,8%-ға, шай - 2,4%-ға, күнбағыс майы - 2,2%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардыӊ ішінде киімніӊ және аяқ киімніӊ бағасы 0,7%- ға, жуатын және тазалайтын құралдар - 0,6%-ға, дәрі-дәрмектер - 0,4%-ға өсті. Дизель отыныныӊ бағасы 9,9%-ға, сұйытылған газ - 3,7%-ға, бензин - 0,7%-ға өсті. Ақылы қызметтер тобында білім беру қызметініӊ бағасы 3,2%-ға, тұрғын үй қызметі - 0,4%-ға өсті. Көлік қызметініӊ бағасы 0,7%-ға, оныӊ ішінде теміржол көлігі қызметі - 1,7%-ға, әуе көлігі - 14,4%-ға төмендеді. 2016 жылғы қаӊтар-қыркүйекте инфляция 5,6% (2015 жылғы қаӊтар-қыркүйекте - 2,9%) болды. Жылдыӊ басынан бастап азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 4,9%-ға (1,5%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 6,8%-ға (3,4%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету - 5,3%-ға (4%-ға өсу) өсті.

Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2016 жылғы қыркүйекте 16,6% (2015 жылғы желтоқсанда - 13,6%) деӊгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларыныӊ бағасы 14,7%-ға (10,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 26,6%-ға (22,6%-ға), ақылы қызмет көрсету - 9,4%-ға (8,1%) өсті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны