17.04.2018 19:16
Оқиға болған сәтте шенеунік қызметтік емес, шетелдік "BMW" маркалы жеке көлігімен жүрген. Зардап шеккен 1999 жылғы жас бала жол-көлік оқиғасы болған жерде "жедел жәрдем" келместен, тіл тартпай кетті.
07.04.2018 14:18
Комиссия құрамына тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасы, төтенше жағдайлар департаменттері, өнеркәсіптік қауіпсіздік өкілдері және басқа да сарапшылар кірді
22.01.2018 21:38
Оқиға орнын тексеру аяқталғаннан кейін аталмыш автокөліктен ешқандай суық қару, атыс қаруы, оқ-дәрі немесе сол оқ-дәрілердіӊ қалдықтары табылмады", - деп жеткізді ҚР ІІМ министрініӊ орынбасары.
19.01.2018 17:53
Соӊғы сараптама қорытындыларын алғанға дейін және оқиғаныӊ мән-жайы анықталғанша бұқаралық ақпарат құралдарынан шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды таратпауын сұраймыз",- деп хабарлайды әкімдік.
04.10.2017 11:09
Кеше Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылды. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға орын алған жерге аттанды. Оқиғаныӊ анық-қанығы жақын арада белгілі болады
25.10.2016 21:41
Екі қаскөй таӊ алдындағы қарбалас кезінде қаланыӊ қақ ортасындағы бөлімшеге баса-көктеп кіріп, күзетшініӊ қаруын тарып алып кеткен. Дегенмен, дабыл дер кезінде қосылып, банкті тонап үлгермепті. Оқиға орнына дереу жеткен полицияныӊ көліктерін көріп, маӊайдағы тұрғындар да дүрлігіп қалды. Жаздағы терактіден кейін жүректері шайлыққан жұртты тәртіп сақшылары сабырға шақырып отыр
24.10.2016 19:42
"Гепардтыӊ өліміне қатысты толық сараптама 10 күннен кейін жарияланады", - деді зообақ мамандары
16.08.2016 16:28
Естеріӊізге салсақ, 2016 жылдыӊ 11 тамызы күні, Сарыағаш АІІБ ПБ-не 27 жастағы жергілікті тұрғыны өзініӊ әйелі 1989 жылы туылған Құрбанова Нұрипа Талғатқызы үйінен Шымкент қаласы бағытына шығып қайта оралмағаны туралы арызданған болатын
16.08.2016 12:21
2016 жылдыӊ 14 тамызы күні, 19 сағат 50 минут шамасында Сарыағаш АІІБ ПБ-ніӊ кезекші бөліміне Жібек жолы-Жетісай тас жолында велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен
10.08.2016 19:49
Батыс Қазақстанда жанар-жағар май бекетінде болған жарылыстан қатты зардап шеккен екінші азамат та қайтыс болды. Бүгін түнде жантәсілім еткен оныӊ денесініӊ 95 пайызы күйіп қалған еді
09.08.2016 19:47
Батыс Қазақстан облысында жанар-жағар май бекетінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен көлік жүргізушісі қайтыс болды. Ал екіншісініӊ, яғни бекет қызметкерініӊ жағдайы әлі де ауыр
09.08.2016 08:35
Шымкентте әлеуметтік мекеме өртке оранды. Төтенше жағдай қызметкерлерініӊ айтуынша, Абай көшесінде орналасқан психоневрологиялық интернаттан өрт шыққан
05.08.2016 19:10
Қонаев көшесінде келе жатқан "Тойота-Камри" жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адам мен әйелді қағып кетті. 1949 жылғы әйел оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал 1943 жылғы ер адам жергілікті аурухананыӊ жан сақтау бөлімінде көз жұмған
04.08.2016 21:11
Полицейлер Бейбітшілік көшесінде орналасқан "Kaspi bank" бөлімшесінен қорқытып 140 мыӊ теӊгені қолды етіп, оқиға орнынан қашып кеткен ер адамды анықтау және ұстау бойынша жедел шара жүргізуде. Жан-жақты іздеу жұмыстары басталып кетті. Тонау фактісі бойынша сот алды тергеу басталды
04.08.2016 20:01
Оӊтүстік Қазақстанда мұнай базасынан алапат өрт шықты. Темір жол үстінде бензин құйып тұрған цистерналарға жүк көліктерін тиеген вагондар келіп соқтығысқан. Соныӊ салдарынан жүздеген тонна мұнайы бар резервуарлар атыла жаздады. Биліктегілер өндіріс орнынан жүз жұмысшыны қауіпсіз аймаққа шығарып, халықаралық жолды да жауып тастады. Төтеншеліктер таӊертеӊ тұтанған өртпен кешке дейін алысты
03.08.2016 19:34
"Yutong маркалы 92-ші бағыттағы қоғамдық автобус Сүйінбай даӊғылымен оӊтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даӊғылына, оӊға қарай бұрылар сәтте жол айрығыныӊ темір-бетоннан жасалған қабырғасына соғылды. Жол апаты салдарынан алдын ала дерек бойынша 14 адам түрлі дене жарақатын алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді"
03.08.2016 13:01
Белгілері: бойы шамамен 150-155 см., дене бітімі орта, көзі қоӊыр, шашы иықтан жоғары қара түсті. Үстінде ақ түсті футболка, қара түсті юбка, аяғына ашық түсті босоножка болған.
02.08.2016 22:16
Бірақ хәлі нашар күйде ауруханаға түсті. Бір өкініштісі, Елордада терезедегі торды жыртып, далаға ауып кеткен ұл-қыздыӊ саны азаймай отыр. Сөйтіп масадан қорғайтын тор бөбектердіӊ өліміне не мүгедек боп қалуына әкеп соқтыруда. Оныӊ үстіне биыл Астанада жүздеген бала биіктен құлап ауыр жарақат алған. Ал дәрігерлер гипс салып үлгермей жатыр
02.08.2016 14:00
Сонымен қатар, Дихан ауылында жергілікті тұрғындарға тиесілі 2 қосалқы қорасына өрт қойылып, салдарынан үйдіӊ ауласында тұрған "Газель" автокөлігі өртенген. ІІО қызметкерлері кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында іздеу шараларын жүргізді.
01.08.2016 18:32
Оӊтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданыныӊ Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық іс-әрекеттер орын алды. Үш тұрғын дене жарақаттарын алып, дүкендердіӊ бірініӊ терезесі сынды