27.03.2024, 18:50 32851

Абай облысында өзендегі тасқын су көпірді қиратты

Абай облысында өзендегі тасқын су көпірді қиратты
Абай облысында өзендегі тасқын су көпірді қиратты, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Аягөз ауданында жергілікті маңызы бар "Аягөз-Бозай" автожолының 20 шақырымында Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпірдің жол төсемі шайылып кетті.

Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы жоқ.

Сонымен қатар, басқа айналма көлік жолдары арқылы елді-мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері шектеу белгілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды.

Халықты Аягөз өзені арқылы өткізуді жүзеге асыру үшін ТЖД қызметкерлері жіберілді, олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегімен өткелдік жұмыстарды жүзеге асыратын болады.

Аягөз ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ды жариялады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны