25.04.2024, 11:02 58821

Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Сурет: ТЖМ
Алматы облысында табиғи өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған болатын.

Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды ұсынады!!!
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны