25.03.2024, 13:50 24401

Көкшетаудағы мектепті еріген су басып қалды

Су тасқынының себебі - ішке өтетін электр коммуникациялары үшін саңылаулардың герметикалығының болмауы
Көкшетаудағы мектепті еріген су басып қалды
Сурет: ТЖМ
Көкшетаудағы мектепті еріген су басып қалды, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында сағат 21-00-де ДЖББ-на Көкшетау қ., Бірлік шағын ауданында, Ақбұлақ көшесі, 1" к", №22 жалпы білім беретін мектепте қардың қарқынды еруіне байланысты (су деңгейі 10-15 см) еріген сулармен жертөледе орналасқан тамақ дайындауға арналған үй-жайларды су басу орын алғаны жөнінде хабарлама келіп түсті", деп көрсетілген хабарламада.


Ақмола облысы ТЖД (4 адам және 1 бірлік техника) және "Көкше-Тазалық" ЖШС күштері (12 адам және 5 бірлік техника) жертөле үй-жайынан еріген суды сору бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су тасқынының себебі - ішке өтетін электр коммуникациялары үшін саңылаулардың герметикалығының болмауы болды. Сағат 21-15 бойынша жертөлеге судың түсуі тоқтатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны