26.03.2024, 17:48 25261

Жамбыл облысында болған өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды

Жамбыл облысында болған өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды
Сурет: ТЖМ
Жамбыл облысында болған өрт салдарынан 48 бас мал қырылып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Осы түні Жамбыл облысының Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Өрт алаңы 220 ш.м. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы қырылды. Алдын ала болжам бойынша - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 бірлік техника жұмыс істеді.

ТЖМ электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны