Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қазан 2018
  • 25
  • :
  • 33
17:00

Амандық Баталов ресми сапармен Ташкент қаласына барды16.04.2018
Государство  14:46
Талдықорған. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ делегациясын бастаған облыс әкімі Амандық Баталов ресми сапармен Ташкент қаласына барды. Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда қонақтарды Қазақстан Республикасыныӊ Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі ЕрікӨтембаев қарсы алды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Қонақтар алдымен Төле би кесенесінде болды. Мұнан соӊ Амандық Баталов "Ташкент трактор зауыты" ААҚ-да болып, "Өзагротехмаш" холдингілік компаниясы шығарған агротехникамен танысты. Алматы облысыныӊ аграрлық бағытын ескере отырып, өзбек кәсіпкерлері трактор техникаларыныӊ ауыл шаруашылығында қолдануға лайықты түрлерініӊ барлығын қамтып көрсетті.

Облыс әкімі Жетісу өлкесінде астық жинау желісін ашу ниетте екенін Өзбекстан вице-премьері Нодир Отажоновпен және "Өзагротехмаш" ШК басқарма төрағасы Мұрат Каримовтпен болған екіжақты кездесуінде айтты.

"Қазақстан - ЕАЭО-ға қатысушы елдердіӊ бірі. Сонымен қатар біздіӊ өӊір -ҚХР-ныӊ ауқымды нарығына апаратын қақпа. Біз сіздерді барлық инфрақұрылымы тартылған "Талдықорған" индустриалды аймағынан жинақтау цехын ашуға шақырамыз. Бұл орайда айта кетерлігі, ТМД-дағы бірден-бір құрғақ порт та біздіӊ облыста орналасқан. Бұл өнімдеріӊізді өзге елдерге қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Амандық Баталов.

Вице-премьер Нодир Отажонов Өзбекстанда техника шығару көлемі артып келе жатқандықтан облыс әкімініӊ бұл ұсынысықызығушылық туғызғанын айтты. Мәселен, холдинг өткен жылы 1,5 мыӊ бірлік техника шығарса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 6 мыӊға жетпек. Н. Отажоновтыӊ пікірінше, бұл сыртқы нарыққа шығудыӊ да қажеттігін көрсетіп отыр. Ол үшін өзбек тарапы жақын арада нарық мүмкіндіктерін бағалап көру үшін Алматы облысына өз өкілдерін жіберуге ниетті екендіктерін айтті.

"Бізде Қазақстанмен бірігіп жүзеге асырғымыз келетін жобалар өте көп. Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі тарапынан айтылған нақты ұсыныс сол жобалардыӊ іс жүзінде жүзеге асырылуына ықпалын тигізуі мүмкін", - деді Өзбекстан вице-премьері.

Алматы облысыныӊ және Өзбекстанныӊ инвестициялық әлеуеті Қазақстанныӊ Өзбекстандағы елшілігініӊ қолдауымен ұйымдастырылған бауырлас елдіӊ іскерлік компанияларымен болған кездесуде жалғасын тапты.

"2018 жылды Президенттеріміз "Өзбекстанныӊ Қазақстандағы жылы" деп жариялады, бұл өз кезегінде бауырлас екі мемлекеттіӊ өзара байланысын жаӊа деӊгейге көтеретініне сенімдіміз. Алматы облысы - Қазақстан Республикасындағы табиғи байлығы мол, инвестициялық климаты қолайлы аймақтарыныӊ бірі. Осы кездесулер арқылы екі жақтыӊ кәсіпкерлері өзара тиімді серіктестік қатынастарын дамытудыӊ жаӊа бағыттарын ашады деген үміттеміз. Осы ретте облыстыӊ Өзбекстанмен сыртқы тауар айналысы 2017 жылы 36 млн. АҚШ долларын құрағанын атап өту керек.

Алматы облысынан Өзбекстанға шығарылған экспорт 15,8 млн. АҚШ доллары болса, импорт - 20,2 млн. АҚШ долларына жеткен.

Өзбекстаннан бізге минералды тыӊайтқыштар, моторлы көлік құралдары, жеміс-жидектер, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Екі ел арасындағы бауырластық, көршілік қарым-қатынастардыӊ жарқын мысалдары экономика, ғылым мен мәдениет салаларында да бар. Бүгінгі кездесу Алматы облысы мен Өзбекстан Республикасыныӊ көпқырлы байланыстарын одан әрі нығайтып, кеӊейтеді деген сенімдемін", - деді Амандық Баталов.

Алматы облысы делегациясыныӊ бұл сапарында "Түркістан" концерт залында жетісулық өнерпаздардыӊ концерті дүркіреп өтті. 900 орындық зал, көрермендерге лық толды.Концерттік бағдарламамен қатар ташкенттік тұрғындарға қолөнершілердіӊ бұйымдары мен қылқалам шеберлерініӊ туындылары, сондай-ақ Алматы облысыныӊ туристік потенциалын танытатын көрме ұсынылды.

Бір жарым сағатқа созылған концертте сөз алған Өзбекстанныӊ Мәдениет министрініӊ бірінші орынбасары Озодбек Назарбеков өнерде шекара жоқ екенін, Жетісу әртістерініӊ жоғары кәсіби деӊгейде өнер көрсетіп, өӊірдіӊ рухани байлығын паш ете білгенін атап өтті.

Алматы облысыныӊ делегациясы Өзбекстандағы сапары жексенбіге дейін жалғасады. Облыс өкілдері Өзбекстанныӊ бірқатар қалаларында болып, Алматы облысыныӊ инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады деп күтілуде.
Просмотров: 1614

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter