Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
17 шілде 2018
  • 12
  • :
  • 16
17:00

Астанада Гейдар Алиев туралы кітаптыӊ тұсауы кесілді17.05.2018
Государство  00:14
Астана. 17 мамыр Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ16 мамырында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасында "Еліне жол ашқан" кітабыныӊ тұсаукесері өтті. Қазақ тіліне аударылған аталмыш кітап әзербайжан халқыныӊ жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алирзаоглы Алиевке арналады.

Аталмыш кітаптыӊ тұсауы ?зербайжан көшбасшысыныӊ 95 жылдығына орай кесілді. Басылымныӊ алғы сөзін Гейдар Алиевпен тамыры тереӊ достықта болған Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.?.Назарбаев жазған.

Кітапта ірі саясаткер, әлемдік деӊгейдегі қайраткер Гейдар Алиевті жеке таныған мемлекет және үкімет басшыларыныӊ, сыртқы істер министрлерініӊ, ?зербайжан басшылығы мен көптеген шетел көшбасшыларыныӊ, әлемге белгілі саясаткерлердіӊ, экономисттер мен бизнес құрылымы жетекшілерініӊ естеліктері келтірілген. Сонымен қатар, оныӊ беттерінде КОКП ОК Саяси бюросыныӊ бұрын құпияда сақталған құжаттары мен суреттері ұсынылған.

Басылым ?зербайжан тарихын ерте заманнан бастап суреттеп, өз халқыныӊ біртума ұлы Гейдар Алиевтіӊ саясат алаӊына шыққан кезеӊіне дейін сипаттайды. Аталмыш кітап табиғатыныӊ қалыптасуына отбасы тәрбиесі мен ата-ана даналығы ықпал еткен қайратты, мақсатқа ұмтылған тұлғаныӊ бейнесін ашады.

Туындыдан "қайта құрылыс" дәуіріндегі Гейдар Алиевтіӊ саяси еркі мен азаматтық ұстанымы айқын көрініс тапқан. "Еліне жол ашқан" кітабы тұӊғыш мемлекет басшысыныӊ феноменін, егемен елдіӊ жаһандық мақсаттары тұрғысынан оныӊ еӊ елеулі, күрделі мәселелерін шешудегі кемеӊгердіӊ таптырмас алғырлығын баяндайды.

Кітап авторларыныӊ айтуынша, Гейдар Алирза оглыныӊ өмірбаяны ?зербайжан мемлекеттілігініӊ құрылу тарихы мен әзербайжан халқыныӊ тағдырымен тығыз байланысты.

- Таулар алыстаған сайын биіктей беретін болса, үлкен тұлғалар да арамыздан ұзаған сайын асқақтай түседі.?зербайжан халқыныӊ ғана емес, жалпы түркі әлемініӊ бетке ұстар азаматына айналған Гейдар Алиев те сондай заӊғар тұлғалардыӊ бірі еді. Енді бой көтеріп келе жатқан тәуелсіз ?зербайжан Республикасы 1990-1993 жылдары аса ауыр саяси дағдарысқа душар болды.Мемлекетті сол қиындықтардан Гейдар Алиевтіӊ алып шыққаны баршаға мәлім.Ол Отаныныӊ тәуелсіздігін нығайтып, оны дамудыӊ даӊғыл жолына салып кетті.Сондықтан, әзербайжан халқыныӊ жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алиев туралы кітаптыӊ қазақ тіліне аударылып, Елбасымыздыӊ алғысөзімен жарық көруі - бауырлас екі елдіӊ рухани өміріндегі тағы бір елеулі оқиға. Осы орайда "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" атты Елбасымыз туралы кітапты әзербайжан достарымыздыӊ өз тілінде басып шығарып, тұсаукесерін дәл осы жерде өткізгенін ризашылықпен еске аламыз. Мұндай игі істер Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен Гейдар Алиев Қоры арасындағы серіктестік байланыстыӊ жемісі екені хақ, - деп іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті Кеӊсесініӊ бастығы -Елбасы кітапханасы директорыныӊ міндетін атқарушыМахмұт Қасымбеков ашты. Жаӊа басылым редакция алқасыныӊ жетекшісі Махмұт Базарқұлұлы қатысушыларды әзербайжан халқы біртума тұлғасыныӊ 95 жылдығымен құттықтады.

- ?зербайжан халқыныӊ атынанқазақ еліне, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.?. Назарбаевқа алғыс білдіремін. Бүгінгі іс-шара мемлекеттеріміз арасындағы достық, саяси қарым-қатынастардыӊ нығая түсінуіне ықпалын тигізері сөзсіз, - деді ?зербайжан Президентініӊ қоғамдық-саяси сұрақтары бойынша көмекшісі Али Гасанов.

- Гейдар Алиевтіӊ 95 жылдығына орай қазақ тілді кітаптыӊ жарық көруі біз үшін маӊызы зор оқиға. Гейдар Алиев - түркі әлеміне ортақ кемеӊгер тұлға. Ол - түрлі мәселелерде елімізге әрдайым қолдау көрсеткен көрнекті мемлекет қайраткері, әрі әлемдік дейгейдегі саясаткер. Ұлы тұлға туралы кітаптыӊ "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер үшін таптырмас оқу құралына айналатынына сенімдімін, - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықов.

Халықаралық түркі академиясы ұйымыныӊ президенті Дархан Қыдырәлініӊ сөзінше, Елбасы кітапханасында тұсауы кесілген кітап қос мемлекет арасындағыдостықтыӊ нышанына айналды. Оныӊ бұл сөздерін қазақ тілді басылымға Қазақстан Президенті Н.?.Назарбаевтыӊ жазған алғысөзі дәйектей түсті. Дархан Қуандықұлы кітаптыӊ жарық көруіне септік тигізген Махмұт Қасымбеков пен Али Гасановқа алғысын білдірді.

Тұсаукесер рәсіміне ?зербайжан Парламентініӊ депутаты, "?зербайжан-Қазақстан" парламентаралық достық тобыныӊ төрағасы ?діл ?лиев, ?зербайжан Парламентініӊ депутаты, "?зербайжан-Қазақстан" парламентаралық достық тобыныӊ мүшесі Низами Джафаров та қатысты.

Іс-шара барысында Гейдар Алиев туралы фильмніӊ көрсетілімі мен Елбасы кітапханасыныӊ Музейі бойынша экскурсия өтті.
Просмотров: 6116

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter