Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
15 қараша 2018
  • 10
  • :
  • 58
17:00

"Атамекен" оқушылардыӊ ерте кәсіби мамандануын енгізуді ұсынады14.02.2018
Государство  12:50
Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - "Атамекен" оқушылардыӊ ерте кәсіби мамандануын енгізуді ұсынады.

Мұндай шара оқушыларды жеке даму жоспарын құруды көздейді және олардыӊ мамандықты дұрыс таӊдауына жол ашады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ кеӊейтілген алқа отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Эльдар Жұмағазиев хабарлады.

Бүгінгі таӊда еӊбек нарығында "дипломды жұмыссыздық" белен алып, теӊгерімсіздік орын алған және білім беру бағдарламаларыныӊ мазмұны жұмыс берушілердіӊ қажеттілігіне сәйкес келмейді, салдарынан қазіргі заманғы мамандардыӊ даму сатылары жеткілікті қосымша құнды қамтамасыз етпейді, деп санайды Ұлттық палата өкілдері.

"Жыл сайын 354 мыӊ оқушы мектеп бітіреді, 21 мыӊдай азамат орта мектепті бітірген соӊ не коллеждге, не жоғары оқу орнына түспейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде барлық оқушылардыӊ 55%-ын ғана жұмыспен қамтиды. Орта есеппен мұндай мамандар жоғары жалақы алмайды. Дәл осындай жағдай жоғары оқу орындарында да бар", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Мәселені шешу мақсатында "Атамекен" мектеп білім беру бағдарламасында адами капиталды ұтымды пайдалануды ұсынады. 7-сыныптан бастап, балаларды кәсіби бағдарлап, олардыӊ бойында қандай қабілет болса, соған қарай бақыттау керек. Осылайша оқу үдерісінде балада өзініӊ жеке даму жоспары пайда болып, бала болашақ мамандықты саналы түрде таӊдайды.

"7-сынып оқушыларыныӊ ерте кәсіби мамандануы диагнозын анықтау бойынша пилоттық жобасын жүргізу бастамасы ҚР Білім және министрлігінде талқыланды, бұл жобаныӊ іске асырылуында белсенді атсалысуға дайынбыз. Біз осы тақырып аясында пікірталас барын сеземіз, әрі бұл жұмыстыӊ қажет екенін дәлелдеуге әзірміз", - деді Эльдар Жұмағазиев.

"Атамекенде" оқушылар әлеуетініӊ тереӊ дамыту құралы ретінде 10 және 11 сыныптарына арналған High School жүйесін қарастырады (мәселен, физика жіне математикалық, биохимиялық, экономикалық, гуманитарлық, лингвистикалық бағыт). Өз кезегінде кәсіпкерлік сектор мұндай мектептерді ашуға Құрылыс нормалары мен ережелері және Санитарлық нормалар мен ережелерді ырықтандыру жағдайында атсалысуға, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын орындауға дайын. Кәсіби диагностика және High School жүйесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын түбегейлі өзгертуі мүмкін, алайда Ұлттық палата оӊ әсер болатынына сенімді.

Эльдар Жұмағазиевтіӊ айтуынша колледждер бойынша бүгінде 489 мын студенттіӊ 5%-ы ғана дуальды формада оқиды. Дуальді білім беруді жаппай енгізудегі кедергілер экономикалық ынталандырудыӊ болмауынан және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингініӊ ашық жүргізілмеуінен туындап отыр.

Тура осындай жағдай жоғары білім беру жүйесінде де орын алған. Мәселен, 2017 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдары мен ветеринария саласын бітірген түлектер саны 2 345 адамды құрады, ал 2020 жылға дейін бұл мамандарға деген қажеттілік небәрі 2 614 адамды құрайды.

"Яғни, бір ғана жылы бітірген студенттермен қажеттілікті толығымен жабуға болады, бірақ гранттағыларды жұмысқа орналыстыру 42%-ды құрайды (983 адам) және түлектердіӊ көбі ауылға жұмыс істеуге бармайды. Біз сапалы білімге қажетті шығындарды толығымен қамту үшін грант құнын жоғарылатуды сұраймыз. Бюджеттік мүмкіндіктер шектеулі екені түсінікті, сондықтан грант құнын гранттар санын азайту арқылы көтеруге болады", - деді спикер.

Жоғары білім берудегі тағы бір сын-тегеурінді "Атамекен" ҰКП жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында, сонымен қатар мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жүйесінде көріп отыр.

"Осы екі сын-тегеурінге әсер етудіӊ құралы ретінде "Атамекен" нұсқасы бойынша дайындалған жоғары оқу орындары рейтингін айтуға болады. Бұл Рейтинг негізінде түлектердіӊ жұмысқа тұру мен орта еӊбекақысы деӊгейі, сонымен қатар жұмыс берушілердіӊ оқу бағдарламаларын бағалауы жатыр. Рейтинг мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлудіӊ тиімді құралына айналып, университеттер мен талапкерлерге және жұмыс берушілерге арналған пайдалы нұсқаулық болады", - деді Эльдар Жұмағазиев.

Өз кезегінде ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ІТ мамандығы бойынша жоғары оқу орындары рейтингін анықтауда атқарылған қыруар жұмыс үшін алғыс білдірді. Министр Ұлттық палатамен бірлескен жұмыс білім беру жүйесін жетілдіруге жол ашатынын айтты.
Просмотров: 3267

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter