Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қыркүйек 2018
  • 08
  • :
  • 19
17:00

Атыраулық 95 студентке "запастағы лейтенант" әскери шені берілетін болады12.07.2018
Государство  19:59
Атырау. 12 шілде. Kazakhstan Today - Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетініӊ студенттері бір айлық далалық жиындардан өтуде.

Қорғаныс министрініӊ бірінші орынбасары - Бас штаб бастығыныӊ талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдыӊ 28 маусымы мен 25 шілдесі аралығында Қазақстан Республикасыныӊ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттерімен далалық оқу-жиындары өткізілуде.

Бұл оқу жиындардыӊ басты мақсаты - студенттерге әскери кафедрадағы оқу процессі барысында жинаған теориялық білімдерді тәжірибе ретінде іске асыру, олардыӊ оқу-есептік мамандығына байланысты машықтылығын жақсарту болып табылады. Жиын барысында студенттер жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыру, сонымен қоса тәрбие жұмыстары мен идеологиялық, жаппай-спорттық, мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізумен айналысады.

Жуырда, болашақ офицерлер "Батыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасыты "Қаработан" оқу полигонына шығып, Макаров тапаншасы мен АК-74 автоматынан алғашқы атыстарын өткізіп, жаппай жою қаруларына қарсы, инжинерлік қамтамасыз ету нормативтерін орындады. Халел Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетініӊ әскери каферда басшысы, полковник Қуандық Бердыгалиевтіӊ айтуы бойынша, аталмыш оқу-жиындар әскери кафедрадағы дайындықтыӊ қортынды сынағы болып табылады. Бұл үдіріс, Қарулы Күштеріміздіӊ жауынгерлік даярлығын жақсартып, оқытылған жұмылдыру резервін қалыптастыруға зор септік тигізетініӊ айтып кетті.

Бүгінгі күні, Атыраудағы әскери кафедрада болашақ мотоатқыш, әскери байланыс және тәрбиеші офицерлерді оқытып шығарады. Жиын сонында студенттер салтанатты түрде ант қабылдап, Отанымыздыӊ толықтай қорғаушысы құқығына ие болады, деп хабарлайды "Батыс" өӊірлік қолбасшылығы басқармасыныӊ

баспасөз қызметінен капитан Рүстем Игисинов.
Просмотров: 2010

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter