Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2017
  • 25
  • :
  • 30
17:00

Бизнеске цифрлық технологияларды кеӊ ауқымда енгізуі үшін жағдай жасау керек - Қазақстан Президенті13.09.2017
Государство  18:20
Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеӊеске қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы іс-шара алдында арнайы әзірленген көрмені аралап көрді. Онда түрлі бағыттар бойынша 30-дан астам ІТ-жобалар қойылған.

Кеӊеске мемлекеттік органдардыӊ, ұлттық компаниялардыӊ жетекшілері, Парламент депутаттары, шетелдік ірі кәсіпорындар мен компаниялардыӊ өкілдері қатысты.

Басқосуда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялар саласындағы сарапшылар баяндама жасады.

Мемлекет басшысы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында айтылған мәліметтерді ескеріп, еліміздіӊ экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудіӊ маӊыздылығын атап өтті.

- Біз тәуелсіздік жылдары ішінде әлемніӊ бәсекеге қабілетті 50 елініӊ қатарына қосылдық. Қазір озық дамыған 30 елдіӊ қатарына ену міндеті тұр. Ол Қазақстаннан жаӊа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаӊғыруды талап етеді. Сондықтан мен осы жылдыӊ басында Қазақстан халқына арнаған жолдауымда Үшінші жаӊғыру жөнінде жарияладым. Оныӊ негізі цифрландыру болып табылады, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздіӊ бәсекеге қабілеттігін, сондай-ақ халықтыӊ өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы өкілетті органдар мен кәсіпорындар тарапынан ерекше мән беруді қажет ететін цифрландырудыӊ жекелеген бағыттарына тоқталды.

- Мемлекеттіӊ, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардыӊ өзара іс-қимылын жолға қою маӊызды. Бизнеске цифрлық технологияларды кеӊ ауқымда енгізуі үшін жағдай жасау керек, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудыӊ маӊыздылығына тоқталып, білім беру саласындағы саясатты қайта қарау қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарыныӊ базасында, сондай-ақ инновациялық кластерлер аясында құзыреттілік орталықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды.

Қазақстан Президенті ІТ-стартаптар халықаралық технопаркініӊ жаӊа технологияларды әзірлеу мен оларды енгізу мәселесінде басты рөл атқаратынын айтты.

- Еліміздіӊ қаржы секторы озық технологияларды мейлінше сезінетін сала болғандықтан, цифрландыруға қатысты шешімдерді кеӊінен қолдана бастады. Ол алдағы уақытта да осы үдерістіӊ басында болуы керек. "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ алдында жаӊа қаржылық технологиялар мен құралдарды дамыту міндеті тұр, - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев белгіленген міндеттерді шешіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді тапсырды.

Соӊында Мемлекет басшысы болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігін атап өтті.

- Бүгін айтылған мәселелердіӊ барлығы еліміздіӊ Үшінші жаӊғыруы аясындағы маӊызды міндеттер саналады. Үкімет оларды мемлекеттік бағдарламада ескеруі қажет. Сондай-ақ, ортақ мәселелерді шешу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия аясында арнаулы комиссия құру керек. Сонымен қатар, бағдарламаны жетілдіре түсу үшін Президент жанынан комиссия құруды тапсырамын, - деп түйіндеді Қазақстан Президенті.
Просмотров: 1677

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter