Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 21
17:00

Денсаулық сақтау министрлігініӊ бастамасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп республикамыздыӊ 5 өӊірінде 11 трансплантация орталығын тексеру жүргізілуде08.11.2018
Государство  17:41
Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ тәуелсіздік алған жылдары ішінде отандық трансплантацияныӊ айтарлықтай дамығаны байқалады. Қазіргі уақытта Қазақстанныӊ трансплантация орталықтары донорлық ағзаларды ауыстырып салуды табысты жүргізуде, бұл отандық мамандардыӊ көрсетіп отырған медициналық қызметі сапасыныӊ жоғары деӊгейін растайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ағзалардыӊ трансплантациясын қажет ететін ҚР азаматтарын шетелдік клиникаларға жібермейді, себебі Қазақстанда жүректі ауыстырып салуды қажет етілетін балаларды қоспағанда ағзаларды трансплантациялау түрлерініӊ барлық спектрі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасыныӊ қолданыстағы заӊнамасына сәйкес ағзаларды транспланттауды орындау үшін денсаулық сақтау субъектісі екі өлшемшартқа сәйкес келуі тиіс:

1. трансплантация бойынша лицензиясыныӊ болуы;

2. Трансплантация жүргізуге рұқсат етілген медициналық ұйымдардыӊ тізбесіне ену.

Бүкіл әлемде адамныӊ донорлық ағзаларын ауыстырып салумен байланысты транспланттауды адамныӊ донорлық ағзаларын транспланттау және олардыӊ айналымы саласындағы қылмысқа жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

Уәкілетті орган бекітетін Трансплантация жүргізуге рұқсат етілген медициналық ұйымдардыӊ тізбесі мемлекеттіӊ осы саладағы тікелей бақылауын айқындайды.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігініӊ бастамасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп республикамыздыӊ 5 өӊірінде 11 трансплантация орталығын тексеру жүргізілуде. Тексеру пациенттердіӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасыныӊ нормативтік құқықтық актілерініӊ талаптарын сақтау мақсатында бастамашылық етілді.
Просмотров: 3028

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter