Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 маусым 2017
  • 21
  • :
  • 55
17:00

Елбасы Қарағанды облысыныӊ жаӊа әкімі Ерлан Қошановты таныстырды14.03.2017
Государство  21:00
Астана. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қарағанды облысыныӊ активімен өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Кеӊесте Елбасы облыстық мәслихаттыӊ депутаттары кандидатурасын мақұлдаған өӊірдіӊ жаӊа әкімі Ерлан Қошановты таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздіӊ және Қарағанды облысыныӊ экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

- Тәуелсіздік алғаннан бері бұл өӊірдіӊ экономикасы 23 есе өсті, индустрияландырудыӊ 72 нысаны іске қосылды. Облысқа соӊғы 5 жылда 1,7 триллион теӊге инвестиция салынды. Апатты жағдайдағы мектептер проблемасы жойылып, үш ауысыммен білім беру мәселесі шешілуде. Жол картасы аясында 4 мыӊнан астам адам жұмыспен қамтылды, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елдегі саяси реформалар үдерісіне ерекше назар аударып, президенттік вертикальді сақтаудыӊ аспектілерініӊ және мемлекеттік биліктіӊ барлық тармағыныӊ жауапкершілігін арттырудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Елбасы бірқатар өзекті міндеттерді орындау қажеттігін айтып, облыс тұрғындарын елдіӊ экономикалық жаӊғыруына белсене атсалысуға шақырды.

- Инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай туғызу керек. Қазақстан Дүниежүзілік банк рейтингініӊ "Бизнес жүргізу жеӊілдігі" критерийі бойынша 35-орынды иеленіп отыр. Бұл - жақсы көрсеткіш, алайда бізге еӊ әуелі өӊірлердегі жұмысты жалғастыру қажет. Біз бизнес жүргізу жеӊілдігі бойынша облыстардыӊ арнаулы рейтингін жасап, жыл сайын индустрияландыру күні табыс етілетін атаулы сыйлық тағайындаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы кәсіпкерлік аясын кеӊейту, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту, ауыл шаруашылығын субсидиялау, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру, өндірілетін өнімдегі қазақстандық үлесті арттыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарын қатыстыру арқылы өнеркәсіп секторын инновациялық тұрғыдан дамыту шараларына назар аударды.

- Біз бәсекеге қабілетті экспорттық кәсіпорындарға негізделген индустрияландыруды жалғастыруға тиіспіз. Тауар жеткізу, қызмет көрсету және оларды тұтыну жөнінен жаһандық жүйеден орнымызды табуымыз қажет. Бұл мақсатқа трансұлттық компанияларды тарту арқылы қол жеткізе аламыз, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әкімдер мен даму институттары басшыларыныӊ алдына отандық кәсіпорындарды одан әрі дамыту үшін инвесторлармен жұмысты жандандыру міндетін қойды.

Кездесу соӊында Қарағанды облысыныӊ жаӊа әкімі Қазақстан халқына және Президентіне ант берді.
Просмотров: 2235

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter