Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2018
  • 19
  • :
  • 36
17:00

Елбасы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты21.03.2018
Государство  20:26
Астана. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мерекелік іс-шара аясында Мемлекет басшысы "Жаӊарған жер, бақ қонған нұрлы ел" мюзиклін тамашалады. Жоғары технологиялы музыкалық-хореографиялық этно-модерн қойылымына Қазақстанныӊ белгілі өнер тарландары мен сахна өнерініӊ жас таланттары қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті "ЭКСПО" көрме кешені аумағында орналасқан этноауылды аралап көрді. Мұнда музыкамен әрленген театрландырылған көріністер қойылып, декоративті-қолданбалы шығармашылық көрме және ұлттық спорт сайыстары ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында сөз сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл мейрам ұрпақтар сабақтастығыныӊ және халқымыздыӊ тереӊнен тамыр тартатын салт-дәстүрі мен мәдениетініӊ символына айналғанын айтты.

- Наурыз шынайы жалпыхалықтық мерекеге, әрбір азаматымыздыӊ бүкіл Қазақстанныӊ дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып отырғанын көрсететін ел бірлігініӊ жарқын үлгісіне айналды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жалпыға ортақ жаӊару мен рухани жаӊғыруды танытатын бұл қастерлі мерекеніӊ өнегелік маӊызы зор екенін ерекше атап өтті.

- Ежелден бұл мейрам адамдарды береке-бірлікке бастап, оларды жақсылық пен мейірімділікке, махаббат пен шаттыққа бөлеп келеді. Бұл күндері біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, өкпе-ренішімізді кешіреміз, үйлесімділік пен бірлікке ұмтыламыз. Еліміздіӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілігініӊ берік негізін қалыптастырып, өзара құрмет пен келісім құндылықтарын нығайту бәріміз үшін аса маӊызды, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдарында басты барлық бағыттар бойынша зор нәтижелерге қол жеткізгеніне ерекше назар аударып, бүгінде еліміз одан да өршіл мақсатты - әлемніӊ озық дамыған отыз елініӊ қатарына қосылуды көздеп отырғанын атап өтті.

- Өміріміздіӊ барлық саласын тереӊ жаӊғырту - осы заманныӊ сын-тегеуріндеріне қарсы біздіӊ нақты іс-қимылымыз. Әлемдегі жаӊа технологиялық революция жағдайында адам капиталы, соныӊ ішінде азаматтарымыздыӊ білімі, қабілеттері мен патриотизмі еліміздіӊ басты байлығы болып саналады. Ақылды, табысты және өзіне сенімді азаматтары бар ұлт қана мықты әрі өркендеген Қазақстанды дамыта алады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әрбір азаматымызға жаӊа мүмкіндік беретін "Бес әлеуметтік бастаманы" іске асыру мәселесіне ерекше тоқталды.

- "7-20-25" атты жаӊа ипотекалық бағдарламаныӊ арқасында еліміздіӊ барлық өӊіріндегі көптеген отбасы баспаналы бола алады. Жеӊілдетілген шағын несиеніӊ берілуі өз кәсібін бастаймын дегендердіӊ қатарын көбейтеді. Қосымша 20 мыӊ грант бөліп, жаӊа жатақханалар салу арқылы мыӊдаған жастарымызға жаӊа мүмкіндіктер ұсынылады. Осы айтылған нақты шаралар - жастар мен жас отбасыларды қолдаудыӊ көрінісі. Сол арқылы халықтыӊ өмір сүру сапасын жақсартуға және еліміздіӊ әл-ауқатын арттыруға тыӊ серпін беріледі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соӊында Елбасы Отанымыз - Қазақстан Республикасыныӊ өркендеуі жолында барша жұртқа бақыт, береке-бірлік пен толағай табыс тіледі.
Просмотров: 4066

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter