Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 03
17:00

Финляндиядан шыққан алғашқы контейнерлік пойыз Қазақстан аумағымен Қытайға бет алды14.11.2017
Государство  17:33
Астана. 14 қараша. Kazakhstan Today - 10 қарашада "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны - "KTZ Express" АҚ теміржол құрамы финніӊ Коувола станциясынан Ресей, Қазақстан аумағымен Сианьға бет алды.

Коувола станциясындағы тұӊғыш пойызды шығарып салу салтанатына Қазақстан елшілігініӊ өкілдері, Финляндия әділет министрі, Коувола қаласыныӊ мэрі, ҚР, ҚХР, Ресей сауда өкілдігініӊ, Сиань қаласыныӊ, басқа да көлік-логистикалық компаниялардыӊ жетекшілері қатысты.

Орман ағаштарын тиеген пойыз 8,5 мыӊ шақырымды 10 күнде жүріп өтеді. Оныӊ үш мыӊ шақырымы Қазақстан аумағына кіреді. "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портында басқа вагонға ауыстырылып, Алтынкөл шекаралық станциясынан өтеді.

"Финляндиямен теміржол саласындағы серіктестікті табысты деп атауға болады. Жақсы іс жалғасын табатыны сөзсіз. Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік пойыздыӊ Финляндиядан -Қытайға, одан кері қарайғы бағдарда транзиттік жүктерді тасымалдауы жобаға қатысушы елдер үшін маӊызды оқиға",-дейді "KTZ Express" АҚ Контейнерлік тасымалдау департаментініӊ директоры Алмат Кәрімов.

Солтүстік Еуропадан Қытайға контейнерлік пойызды жасақтау "KTZ Express" АҚ мультимодальдық логистикалық компаниясы мен финдік "Couvola innovation Oy" компаниясымен жүзеге асырылды. Коувола - Бусловская - Алтынкөл - Сиань бағдарымен тасымалданатын жүктердіӊ жылдық болжамды шамасы 1 миллион тоннаға жетеді.

Атап өтерлігі, 2016 жылы желтоқсанда Қазақстан, Финляндия, Ресей, Қытай арасындағы "Шығыс көлік дәлізі" келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Просмотров: 1536

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter