Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қаңтар 2018
  • 14
  • :
  • 43
17:00

Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры лауазымына тағайындалды11.12.2017
Государство  20:05
Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатыныӊ келісімімен, мемлекет басшысыныӊ жарлығымен Қайрат Қожамжаров бас прокурор лауазымына тағайындалды.

Ведомствоныӊ жаӊадан тағайындалған басшысын ұжымға президент әкімшілігініӊ басшысы Әділбек Жақсыбеков таныстырды. Сонымен қатар ол Жақып Асановтыӊ президент жарлығымен Жоғарғы соттыӊ төрағасы болып тағайындалғанын мәлімдеді.

Ә. Жақсыбеков өз сөзінде Жақып Асановтыӊ бас прокурор болған кездеріндегі бастамаларына тоқталды, сондай-ақ жаӊа қызметіне сәттілік тіледі.

"Сіз бұл ұжымда бірге қызмет етіӊіздер, бас прокурордыӊ орынбасары қызметінде, одан соӊ екі жылға жуық бас прокурор болдыӊыз. Қазір мемлекет басшысы Жақып Қажманұлына зор үміт артып еліміздіӊ Жоғарғы сотыныӊ төрағасына тағайындау үшін Сенатқа ұсыныс енгізді",- деді Жақсыбеков.

Өз тарапынан Ж. Асанов Мемлекет басшысына сенімі үшін алғысын білдірді және алға қойылған тапсырмаларды одан әрі орындауға дайын екенін айтты.

Ж. Асанов ұжыммен бірлесе іске асырған бастамаларға - "Прокуратура туралы" жаӊа заӊыныӊ қабылдануына, қылмыстық процесті жаӊғырту жұмыстарына тоқталды.

"Барлық бастамаларды бар күш-жігерімізді салып, атқарылып жатқан ісімізге кәміл сеніммен жасадық. Әрине, оӊай болған жоқ. Бұл ұжымныӊ еӊбегі. Әрбір қызметкер зор еӊбек етті. Ешкім жұмыстан сырт қалған жоқ. Осындай ұжымда қызмет еткеніме өте қуаныштымын",- деді Ж.Асанов. Өз тарапынан Қайрат Қожамжаров Елбасын артқан сеніміне алғысын білдіріп, алда тұрған мақсаттарға жетуге дайын екенін айтты,- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.
Просмотров: 3430

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter