Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 тамыз 2017
  • 11
  • :
  • 15
17:00

Қазақстан Республикасы арқылы ветеринарлық-санитарлық бақылауға жататын қырғыз тауарларыныӊ транзитіне рұқсат берілді11.01.2017
Государство  09:07
Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы арқылы ветеринарлық-санитарлық бақылауға жататын қырғыз тауарларыныӊ транзитіне рұқсат берілді,- деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Санкт-Петербург қаласында 2016 жылғы 26 желтоқсандағы Евразиялық экономикалық Комиссиясыныӊ Жоғары Кеӊесінде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес мемлекеттік шекараныӊ қазақстан-қырғызстан учаскесінде ветеринарлық-санитарлық бақылау сақталған.

Бұл ретте Қырғыз Республикасындағы күрделі эпизоотиялық ахуал ескеріле отырып тауар айналымын ұлғайту үшін теміржол көлігімен Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасыныӊ аумағы арқылы ветеринарлық бақылаудағы барлық бақылаулық қырғыз өнімдеріне (ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда) транзит қамтамасыз етілетін болады.

Бүгінгі таӊда ЕАЭК мүше-елдердіӊ құзырлы органдарыныӊ бірлескен инспекцияларыныӊ қорытындылары бойынша 15 қырғыздық кәсіпорындары ресей нарығына және 8 кәсіпорындар қазақстан нарығына (оӊтүстік өӊірлерге) тауар жеткізуге мүмкіндіктері бар, тек ветеринарлық бақылауға жататын белгілі тауарларды, мысалы термиялық өӊдеуден өткізілген сүт өнімдері, дайын ет бұйымдары және балық өнімі.

Қырғыз кәсіпорындарыныӊ тізімін ұлғайту үшін олардыӊ өнімдері ЕАЭК жеткізуге рұқсат етілетін болады, Министрлік кезекті бірлескен инспекциялар жүргізу бойынша ЕАЭК мүше-елдердіӊ әріптестерімен жұмыстар жүргізуде.
Просмотров: 1012

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter