Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
24 наурыз 2017
  • 02
  • :
  • 24
17:00

ҚР Премьер-Министрі азаматтардыӊ тіркелу нормалары туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды10.01.2017
Государство  11:36
Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрліктерге азаматтардыӊ келген жерінде уақытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

"Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардыӊ уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Адамдардыӊ сауалдары көп, ал ақпарат жеткіліксіз. ХҚКО-ларда кезек көбейген", - деді Б. Сағынтаев.

Премьер-Министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаӊашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды. Б. Сағынтаев бұл "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ да міндеті екенін еске салды.

Б. Сағынтаев азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керектігін және ол үшін ХҚКО-ында жұмыс істейтін терезелер санын барынша көбейтіп, қызмет көрсететін операторлар санын жеткілікті ету керектігін атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қ. Қасымов Б. Сағынтаевқа терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заӊнамаға түзетулер енгізу жөнінде есеп берген болатын.

7 қаӊтарда Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтыӊ "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊын іске асыру барысы жөніндегі есебін тыӊдады.

Министрліктіӊ халық арасында түсіндіру жұмыстары бойынша қабылдаған шаралары, сонымен қатар азаматтардыӊ уақытша келген жерінде тіркеу мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Мәлім болғандай, тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптары жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады. Қазақстанда халықты тұрғылықты жері мен уақытша өмір сүру орны бойынша есепке алу заӊнамада қарастырылған.

Сонымен қатар, заӊда тұрғын үй иесінен үйінде тұратын адамдарды тіркеумен қамтамасыз ету міндеті бастапқыда болмаған.

Еске сала кетейік, биылғы 7 қаӊтарда, "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊына сәйкес, тұрғын үйді жалға берушілер меншік иесіне тиесілі тұрғын үйлерде жеке тұлғаларға тіркеусіз өмір сүруге жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Заӊ қоғамдық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мен экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған.
Просмотров: 852

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter