Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 қараша 2017
  • 06
  • :
  • 04
17:00

Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін әзірлеу туралы комиссия жұмысын аяқтады26.10.2017
Государство  17:00
Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігініӊ Басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі Басшысыныӊ бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиініӊ соӊғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиініӊ ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соӊғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясыныӊ өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезеӊ-кезеӊмен және жүйелі түрде көшірудіӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобыныӊ атқарған қызметі туралы баяндалды.
Просмотров: 5396

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter