Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 маусым 2017
  • 21
  • :
  • 55
17:00

Мемлекет басшысы Ақмола облысыныӊ жаӊа әкімі Мәлік Мырзалинді таныстырды14.03.2017
Государство  21:02
Астана. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы Ақмола облысыныӊ активімен өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеӊес өткізді,- деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға жергілікті мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында кандидатурасы мақұлданған облыстыӊ жаӊа әкімі Мәлік Мырзалинді таныстырды.

Қазақстан Президенті облыс активіне арнаған сөзінде бірқатар көрсеткіштер бойынша, атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, инвестициялар тарту көлемі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнінен өӊір экономикасы дами түскенін айтты.

- Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалдық және әрі қарай дамып келеміз. Экономикалық қиындықтарды еӊсеруге мүмкіндік беретін ұлттық қор жинақтай алдық. Енді алдымызда әлемніӊ дамыған 30 елініӊ қатарына қосылу мақсатына қол жеткізу үшін "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясындағы жаӊа міндеттер тұр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әлемніӊ жаӊа нақты ахуалы жағдайында технологиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, жолдауда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін жаӊа білім мен тәсілдерді қолдану қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудыӊ, өӊір және бүкіл республика бойынша инфрақұрылымды дамытудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

- Таяу жылдары Қазақстанда 7 мыӊ шақырым автомобиль жолдары салынатын болады. Өӊірлердіӊ барлығы жоғары сапалы магистральдар арқылы байланысады. Олар балаларымыз бен немерелеріміз үшін мәӊгілікке қалатын болады. Сондай-ақ, әуежайлар қалпына келтірілуде. Каспийде 2 теӊіз порты салынуда. Елімізде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар жаӊаша тәсілдерді қолдануды қажет етеді, - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге облыстыӊ ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперативін құру, ғылыми әлеуетті пайдалану арқылы өнімділікті арттырып, ауыл шаруашылығына шағын несие бөлу, шағын және орта бизнесті жандандыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ маӊыздылығын айтты.

Елбасы алдағы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында пайдаланылатын облыстыӊ туристік әлеуетін ерекше атап өтті.

Соӊында Қазақстан Президенті қатысушыларға биылғы астықтыӊ мол олуын тілеп, көктемгі егіс жұмыстарында табысқа жетулеріне ниеттестік білдірді.
Просмотров: 2217

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter