Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 тамыз 2017
  • 17
  • :
  • 00
17:00

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына сапармен барды15.05.2017
Государство  12:10
Астана. 15 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумыныӊ жұмысына қатысу үшін Бейжіӊ қаласына келді,- деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумыныӊ ашылу рәсiмiне қатысты.

Мемлекет басшысы Форумныӊ ашылу салтанатына қатысты. Сондай-ақ оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ басшылары және делегациялары келді.

Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Форумныӊ басты мақсаты ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маӊызды мәселелер талқыланатын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекеттердіӊ көшбасшыларымен кездесті.

Елбасы "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумыныӊ салтанатты ашылу рәсімі аясында бірқатар мемлекеттердіӊ көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинді форумныӊ табысты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен және Түрік Республикасыныӊ Президенті Р.Ердоғанмен әӊгімелесіп, таяуда Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөздердіӊ қорытындыларын талқылады. Р.Ердоған Астана процесініӊ нәтижелеріне тоқтала келе, Сирия мәселелері жөніндегі диалогты Женевада жалғастыру үшін оныӊ маӊызды болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Беларусь Президенті А.Лукашенкомен және Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиеевпен, Пәкістанныӊ және Малайзияныӊ Премьер-Министрлері Н.Шарифпен және Н.Разакпен, Дүниежүзілік экономикалық форумныӊ төрағасы К.Швабпен жүздесті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерришпен әӊгімелесті. Әӊгіме барысында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ Астанада өтетін саммитіне қатысу ниеті бар екенін растады.

Сондай-ақ, Испания Премьер-Министрі М.Рахой Қазақстан Президентімен әӊгімелесу кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Испания Королініӊ қатысатынын растады.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеӊесініӊ Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ ахуалы және оны дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

- Біздіӊ қарым-қатынасымыз басқа мемлекеттер үшін үлгі боларлықтай. 2014 жылғы кездесуде біз өндіріс ашу, көлік жүйелерін бір-бірімен жалғастыру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселесін көтердік. Сондай-ақ, тағы бірқатар маӊызды жобаларды жүзеге асыруымыз керек, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық процестердіӊ маӊыздылығына тоқталып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасыныӊ қазіргі жағдайдағы ерекше рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" мен Жібек жолы бағдарламаларын бір-бірімен ұштастырудыӊ оӊ нәтижелеріне назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар мемлекеттер арасында тауар айналымы көлемін ұлғайту мәселелерін, Қазақстанныӊ транзиттік әлеуетін пайдалану перспективаларын, технологияларды және экологиялық тұрғыдан таза заманауи өндірісті дамыту аспектілерін, сондай-ақ энергетика мен ауыл шаруашылығы салаларында өзара іс-қимыл орнату жайын талқылады.

Қазақстан Президенті кездесу соӊында Ли Кэцянді елімізге сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасына "Бір белдеу, бір жол" форумына шақырғаны үшін алғыс айтып, іс-шараныӊ жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.

- Форум бүкіл дүние жүзі бойынша биылғы еӊ басты оқиғаныӊ біріне айналды деп ойлаймын. Бүгінгі форумныӊ ашылуында сөйлеген сөзіӊіз мазмұнды болды, ол елдер арасындағы ынтымақтастықтыӊ көп сауалына жауап берді. "Бір белдеу, бір жол" - жаӊа парадигма, жаӊа деӊгейдегі ынтымақтастық жүйесі, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" идеясыныӊ өӊірлік деӊгейдегі ынтымақтастықтыӊ ғана емес, сонымен бірге түрлі құрлық елдері арасындағы өзара іс-қимылдыӊ көрінісі екенін атап өтті.

- Бұл белдеу жер шары тұрғындарыныӊ 45%-ын құрайтын 60-тан астам елді қамтып отыр. Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық үлгі аларлықтай болды. Басқа елдер бізден үйрене алады, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтыӊ қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, оныӊ бұдан да жоғары деӊгейде нығая түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, тараптар өӊірлік қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді талқылады.

Си Цзиньпин Қазақстанныӊ Сирия қақтығысын реттеу процесіне қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Қытай Халық Республикасыныӊ Төрағасы "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ табыстылығын, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеӊесініӊ халықаралық бастамасыныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Қытай көшбасшысы өзініӊ Қазақстанға ресми сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастық ұйымыныӊ саммитіне және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесініӊ ашылуына қатысуға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тауар айналымын ұлғайту және өнеркәсіп, инновация, көлік, энергетика салаларындағы ынтымақтастық тақырыптарына ерекше көӊіл аударылды.
Просмотров: 2262

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter