Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 сәуір 2018
  • 19
  • :
  • 35
17:00

Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды24.03.2018
Государство  20:04
Астана. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қарсы алу рәсімінен соӊ Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерініӊ Жоғарғы Бас қолбасшысыныӊ орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кеӊейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені үшін Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға ризашылық білдірді.

- Меніӊ ресми сапарымныӊ Біріккен Араб Әмірліктерініӊ негізін қалаған шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянныӊ 100 жылдығымен тұспа-тұс келуініӊ символдық мәні бар. Мен үшін Сіздіӊ әкеӊізбен таныс болғаным - зор мәртебе, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев бауырлас қарым-қатынастар мен табысты кездесулер екі ел арасындағы байланыстардыӊ дамуына тыӊ серпін беретінін атап өтті.

- Өзара уағдаластықтарды іске асырудыӊ арқасында тек 2017 жылы сауда-саттық көлемі 2 есе өсіп, 374 миллион доллардан 643 миллион долларға дейін жетті. Ал 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш 6 есе артты, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев визасыз режім енгізу екі ел арасындағы қарым-қатынастарға оӊ әсер ететініне назар аударып, тараптар инвестицияларды қорғау, ғарыш технологиялары, су энергетикасы, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Соӊында Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерініӊ Президенті шейх Халиф бен Заид Әл Наһаянға деген ниеттестігін білдіріп, тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

- Халқымныӊ және жеке өзімніӊ атынан Сізге Біріккен Араб Әмірліктері жеріне келгеніӊіз үшін ризашылық білдіремін. Сапарыӊыз сәтті болады деп сенемін. Біз бүгін бірқатар маӊызды екіжақты құжаттарға қол қоямыз. Жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екенімізді айтқым келеді, - деді Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.

***

Ресми сапар барысында тараптар арасында мынадай құжаттарға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерініӊ Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;

- Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін (полиэтилен өндірісі) салуға қатысты ынтымақтастықтыӊ негізгі шарттары туралы меморандум;

- Атырау облысындағы полипропилен өндіретін зауыт жұмысына қатысу үлесін сатып алуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандум;

- "Ақтау теӊіз порты" арнайы экономикалық аймағы акционерлік қоғамыныӊ 49% акциясын сатып алудыӊ негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;

- "DP World" компаниясыныӊ "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағыныӊ басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамыныӊ капиталына қатысуыныӊ негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім;

- Дубайдағы "ЭКСПО-2020" дүниежүзілік көрмесіне қатысу туралы шарт.
Просмотров: 2472

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter