Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
14 қараша 2018
  • 02
  • :
  • 12
17:00

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасыныӊ президенті Эмомали Рахмонмен және Армения Республикасыныӊ үкімет басшысымен кездесті28.09.2018
Государство  17:37
Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Армения Республикасыныӊ Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықтыӊ жоғары деӊгейде ілгерілеп келе жатқанына тоқталып, оны кеӊейтудіӊ әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті.

- Қазақстан Армениямен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болды. Елдеріміз арасындағы сауда айналымы былтыр 60 пайызға жуық өсті. Бұл үрдіс қазір де жалғасын тауып отыр. Мұнымен шектелмейтінімізді атап өткім келеді. Үкіметтеріміз екі жақты байланыстарды нығайту үшін күш жұмылдыруы керек. Біздіӊ компанияларымыз екі елдіӊ де экономикасына инвестиция құя алады, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еӊбек миграциясы мәселелеріне және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеӊейту қажеттігіне тоқталып, ол үшін тиімді жағдай жасалғанын атап өтті.

Н.Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі нығайту ісіндегі маӊызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдірді.

- Өзара ықпалдастығымыз оӊ қарқын алып отырғанымен ерекшеленеді. Оныӊ одан әрі осылай ілгерілей беретініне сенімдімін. Біз үшін Қазақстанмен арадағы байланыс өте маӊызды. Экономика секторындағы қатынастарды, соныӊ ішінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыта түсеміз деп үміттенеміз, - деді Армения Премьер-Министрі.

Сонымен қатар, Н.Пашинян Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты халықаралық ұйымдар аясында нығайтудыӊ маӊызды екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекет басшысы ТМД елдері басшылары кеӊесініӊ отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына кеше келді.

Қазақстан Президенті Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар екі жақты қатынастардыӊ қазіргі мәселелерін және экономиканыӊ түрлі секторларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудыӊ перспективаларын талқылады.

- Елдеріміз арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнады. Біз Тәжікстанға әрдайым көмек көрсетіп, қолдау білдірдік. Бүгінде осы ынтымақтастығымызды тереӊдетіп, өзара сауда-саттықты ілгерілетуді көздеп отырмыз, - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту және интеграциялық үдерістерді кеӊейту үшін шаралар қабылдаудыӊ маӊызды екеніне назар аударды.

Тәжікстан Президенті екі ел арасында қалыптасқан қатынастардыӊ стратегиялық сипаты туралы айтты.

- Қазақстан - Тәжікстанныӊ негізгі стратегиялық және экономикалық әріптестерініӊ бірі. Біздіӊ сауда-экономикалық қатынастарымыз кеӊейіп келеді, - деді Э.Рахмон.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықаралық аренадағы беделін ерекше атап өтіп, экономикалық және саяси тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді.
Просмотров: 16917

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter