Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 мамыр 2018
  • 08
  • :
  • 48
17:00

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты14.05.2018
Государство  23:06
Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты,- деп хабарлайды Ақорда.

Кеӊестіӊ отырысына Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасыныӊ Президенті С.Жээнбеков, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин, Молдова Республикасыныӊ Президенті И.Додон, Армения Республикасыныӊ Премьер-Министрі Н.Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Т.Саркисян да қатысты.

Басқосу барысында тараптар экономикалық одақ аясындағы экономикалық өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ одан әрі экономикалық интеграциялану нәтижелері мен перспективаларына ерекше тоқталды.

Мемлекет басшысы интеграциялық үдерістер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ экономикалық даму қарқынына елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

- Бұған стратегиялық салалар - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саларыныӊ оӊ үрдісі септігін тигізді. Сыртқы саудада да, ішкі саудада да айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Былтыр Еуразиялық экономикалық одақтыӊ сыртқы және өзара ішкі сауда-саттық көлемі тиісінше 24,4 және 26,1 пайызға өсті. Оӊ үрдіс биыл да сақталып отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық одақтыӊ халықаралық беделі арта түскенін, сондай-ақ шет елдер осы ұйыммен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ шағын құрамда өткен отырысыныӊ нәтижелеріне ерекше тоқталды. Онда Еуразиялық экономикалық одақтыӊ Жарғылық шартына және ұйымныӊ халықаралық қызметіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ экономикалық одақтыӊ одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті заманауи күрделі геоэкономикалық жағдайды ескере отырып, қабылданған шешімдердіӊ орындалуына талдау жасау және Еуразиялық экономикалық одақтыӊ экономикасын ілгерілету жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу үшін арнайы үкіметаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.

- Ірі инфрақұрылымдық "мегажобаларды" іске асыру мүмкіндігін де қарастыру қажет. Бірлестік қызметі барысында Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорыныӊ рөлін арттырған жөн. Олар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсенді атсалысуы керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Одақ жұмысында "ЭКСПО-2017" кешенініӊ базасында құрылып жатқан үш халықаралық орталықтыӊ мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердіӊ қаржы институттарын "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын. Сонымен қатар, "ЭКСПО" аумағында Одақтыӊ қаржы мәселесіне қатысты іс-шараларды, соныӊ ішінде көмекші және консультативтік-кеӊесші органдардыӊ отырыстарын өткізген жөн. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі цифрландыру мәселелерін іске асыру үшін келешекте бой көтеретін ІТ-стартаптардыӊ халықаралық технопаркі базасында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы "Цифрлық жобалар мен бастамаларды басқару офисініӊ" жұмысын ұйымдастыруды ұсынамын, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтардыӊ іске асырылуы осы ұйымға мүше барлық мемлекеттердіӊ ынтымақтастығын одан да жоғары деӊгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес отырысыныӊ қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер мен құжаттар қабылданды.
Просмотров: 1128

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter