Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қазан 2018
  • 24
  • :
  • 46
17:00

Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметтіӊ жағдайы туралы ұлттық баяндамасы таныстырылды16.04.2018
Государство  14:05
Астана. 16 сәуір. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Шайымованыӊ және "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ "Өзгерістерді өзіӊнен баста" атты ішкі бағдарламасыныӊ бас менеджері Шыӊғыс Төрегелдинніӊ қатысуымен брифинг өтті.

Мемлекеттік қызметтіӊ жағдайы туралы Ұлттық баяндамада оныӊ Тәуелсіздік жылдар кезіндегі даму кезеӊдері, мемлекеттік қызмет жағдайы және оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар көрсетілген.

Биылғы жылы Ұлттық баяндама алғаш рет Мемлекет басшысына енгізілді және мақұлданды.

Мемлекеттік аппаратты құру кезіндегі дамудыӊ екінші кезеӊі еӊ маӊызды рөл атқарды, оныӊ барысында мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік құрылды.

Сол кезеӊде мемлекеттік басқаруда бірқатар жүйелік мәселелер анықталды.

Жұмсалған күш-жігердіӊ нәтижесінде оларды жеӊіп шықтық: реестрге енгізілген мемлекеттік қызметтер тізбесі үш есе өсті, олардыӊ стандарттау және реттеуі қамтамасыз етілді, қызмет көрсету бойынша өкілеттіктер ХҚКО-ға берілді.

Қазіргі таӊда Елбасы жоспарыныӊ шеӊберінде - 100 қадам, мемлекеттік қызметті реформалаудыӊ үшінші кезеӊі жүргізілуде.

Айгүл Шайымованыӊ айтуынша, Ұлт жоспарын жүзеге асырғаннан бері мансап сатысымен қызметте жоғарылаған қызметкерлердіӊ саны 4 есеге өсті.

?леуметтік сауалнамалардыӊ нәтижелері бойынша респонденттердіӊ 77%-тен астамы кадрлық шешімдердіӊ қабылдау барысындағы меритократияға сенеді, ал 2001 жылы бұл көрсеткіш 39%-ті ғана құраған.

Конкурстан тыс тағайындауларды шектеу "командалық ауысуларды" 19 есеге қысқартты (2015 жылы 6500-тен 2017 жылы 348-ге дейін).

Ауқымды алдын алу жұмыстарыныӊ арқасында этикалық құқық бұзушылықтардыӊ саны азайды.

Мәселен, өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда олардыӊ саны 43% -ке (354-тен 202-ге дейін) төмендеді.

Сарапшылардыӊ бағалауы бойынша, бүгінгі таӊда қазақстандық мемлекеттік қызмет халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, кейбіреулерінде алдыӊғы қатарында.

Осылайша, Қазақстанныӊ бірқатар дамыған елдерден айырмашылығы, бұл мемлекеттік аппараттыӊ қартаюы мен гендерлік теӊгерімсіздіктерден айналып өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкердіӊ орташа жасы - 39 жас, ал 1991 жылы - 44 жас. ?йелдердіӊ 55%-ы мемлекеттік қызметте, ал Италияда, Бельгияда, Испанияда бұл көрсеткіш 50% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ сапалық құрамы өсті: орталық деӊгейде 100% жоғары білімі бар, өӊірлерде бұл көрсеткіш 92% құрайды.

"Қазақстанда дамыған елдердіӊ жетістіктерін және ұлттық мемлекеттік жүйеніӊ ерекшеліктерін біріктіретін өзіндік модель құрылды деп сеніммен айта аламыз.

Бұл нәтижелерге біз Мемлекет басшысыныӊ көреген саясатыныӊ арқасында қол жеткіздік.

Нәтижесінде, кішкентай тарихи кезеӊге қарамастан, алдыӊғы қатарлы халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби аппарат қалыптастырылды.

Қазіргі таӊда, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында біз елдегі қызметкерлердіӊ санасын өзгертуде жұмыстар атқарудамыз", - деді Айгүл Шайымова.

Қысқа мерзімді перспективада шешілуі қажет мәселелердіӊ қатарында Агенттік Төрағасыныӊ орынбасары келесіні атап өтті:

Біріншіден, тиімді іс-қимыл коэффицентін арттыру үшін тапсармалар мен есептер саны төмендейді, хаттарға қол қоюды күту мерзімдері мен жоспардан тыс кеӊестер қысқартылады. Бизнес-процестерді автомантандыру және ақпараттық жүйелерді біріктіруді қамтамасыз ету, смарт-технологияларды енгізу соӊғы нәтижені бағалау процесін бақылау тәжірибесінен алшақтауға мүмкіндік береді.

Екіншіден, мемлекеттік аппараттыӊ бәскеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында қызметшілердіӊ әлеуеті арттырылады. IT-білім мен тілдерді үйренуді дағдыландырумен қатар жетекші халықаралық сарапшыларды тартып, оқу бағдарламаларын енгізу арқылы мемлекеттік қызметшілерде көшбасшылық пен икемді дағдыларды дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Үшіншіден, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп адами ресурстарды басқару саласындағы мамандарды (HR-мамандар) дайындау мәселесін қарастыру жоспарлануда. Бұл "құжаттармен жұмыстан" "адамдармен жұмысқа" көшуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, штаттық күшін бөлу кезінде теӊгерімсіздікті жою үшін шаралар қабылданатын болады. Қазіргі уақытта олардыӊ аймақтық шектеулері біркелкі бөлінбейді.

Бесіншіден, қызметкерлерге нәтиже негізінде жалақы төлеу арқылы қызмет тиімділігін арттыруды ынталандыру жоспарлануда.

Республика бойыгша еӊбекақы төлемініӊ жаӊа жүйесін енгізу мақсатында бағынысты ұйымдарды оӊтайландыру мәселесі зерттелуде.

Қорытындысында Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметшініӊ күні қарсаӊында бүкіл ел бойынша "Үздік мемлекеттік қызметші" атағына іріктеу өткізіліп жатқанын атап өтті.

Ол әр қызметкерді азаматтардыӊ әлеуметтік қолдауына үлес қосуға шақырды. Осы мақсатта қайырымдылық донор қанын тапсыру, ардагерлер үйлерін жөндеуден және халыққа көмек көрсетуден тұратын "10 жақсы іс" жобасы басталады.
Просмотров: 1667

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter