Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қыркүйек 2018
  • 03
  • :
  • 38
17:00

Нұрлан Нығматулин Грузияныӊ вице Премьер-министрі, Сыртқы Істер министрі Михеил Джанелидземен кездесті17.05.2018
Государство  00:11
Астана. 17 мамыр Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ төрағасы Нұрлан Нығматулин Грузияныӊ вице Премьер-министрі, Сыртқы Істер министрі Михеил Джанелидземен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтудыӊ, соныӊ ішінде сауда-экономкалық, мәдени-гуманитарлық, халықаралық байланысты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Халықаралық ынтымақтастық төӊірегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халықаралық жағдайларды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға айрықша назар аударатынын алға тарта келіп, Мәжіліс Спикері біздіӊ мемлекеттеріміздіӊ осы саладағы ұстанымдарыныӊ өте жақын екенін еске салды.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентініӊ БҰҰ аясында халықаралық лаӊкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдыӊ бірыӊғай әлемдік жүйесін құру туралы бастамасыныӊ маӊыздылығына тоқталды.

Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан Грузиямен жан-жақты әріптестікті нығайтуға ерекше мән береді.

Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыттарда өзара сыйластық пен сенім негізінде арадағы ықпалдастық тереӊдей түсті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанныӊ ішкі және сыртқы саясатындағы тұрақтылық пен таӊданаралық қарқынды дамуы тек аймақтағы елдер емес, әлем елдеріне үлгі екенін жеткізді.

Жүздесу барысында парламентаралық ықпалдастықты нығайтуға да зор көӊіл бөлінді.

Мәжіліс Төрағасы осы орайда ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмысын күшейтуге назар аударды.

Айта кетейік, биылғы жылы қазан айында Грузияда маӊызды саяси науқан -Президент сайлауы өтеді.
Просмотров: 2790

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter