Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
23 мамыр 2017
  • 20
  • :
  • 51
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар туралы жарлық, өкімдерге қол қойды14.03.2017
Государство  21:04
Астана. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентініӊ Әкімшілігі Басшысыныӊ орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыӊбай Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігініӊ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайыныӊ директоры қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлықтарымен:

Алик Серікұлы Айдарбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Маӊғыстау облысыныӊ әкімі қызметінен;

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметінен;

Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысыныӊ әкімі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасыныӊ орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігініӊ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығыныӊ меӊгерушісі қызметінен;

Мәлік Кеӊесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысыныӊ бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы болып тағайындалды, ол Қарағанды облысыныӊ әкімі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Мәлік Кеӊесбайұлы Мырзалин Ақмола облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Маӊғыстау облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.
Просмотров: 2213

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter