Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 қаңтар 2019
  • 10
  • :
  • 13
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті11.01.2019
Государство  16:03
Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы жолаушылар көлемін 6 %-ға арттырды.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға көп.

2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаӊа халықаралық бағыттардыӊ ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн.-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген. Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыӊнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.

Анықтама:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуразия құрлығындағы соӊғы үлгіде салынған әуежайлардыӊ бірі, бұл жерден тәулігіне 180-ге дейін ұшақтардыӊ ұшу және қону сапарлары орындалады және тәулігіне 17 мыӊға дейін жолаушыға қызмет көрсетеді. Елорда әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайда отандық және шет елдік әуе компанияларыныӊ, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады. 2018 жылы халықаралық әуежай 4,5 млн. аса жолаушыға қызмет көрсетті.
Просмотров: 6672

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter