Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
21 қазан 2018
  • 24
  • :
  • 46
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті23.03.2018
Государство  16:48
Астана. 23 наурыз. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардыӊ ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудыӊ перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымыныӊ ұлғайғаны, екі елдіӊ бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.

Қазақстан Президенті халықаралық және өӊірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтыӊ табысты болып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге "Хазірет Қызыр" мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасыныӊ тұӊғыш Президенті Ислам Кәрімовтіӊ рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаӊында Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге Самарқанд қаласыныӊ бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.
Просмотров: 2626

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter