Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
19 қараша 2018
  • 07
  • :
  • 31
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы трамплинді шаӊғы спортыныӊ республикалық базасын аралап көрді11.07.2018
Государство  21:55
Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы жаӊа спорттық және туристік нысан - оқу-жаттығу жүргізуге, дайындық жасауға әрі жарыс өткізуге арналған нысанмен танысты, деп хабарлайды Ақорда.

Республикалық шаӊғы спорты базасы шаӊғы стадионын, мылтықпен ату алаӊын, жүзу бассейні мен жаттығу залы бар жабық спорт кешенін, трамплиннен секіруге арналған орынды, әкімшілік-тұрмыстық және басқа да мақсаттағы үй-жайларды қамтиды.

Спорт базасымен танысу барысында Қазақстан Президентіне еліміздіӊ туризм саласын дамыту перспективалары туралы мәлімделді. "Туристік Қазақстан" бағдарламасыныӊ алдағы уақытта жүзеге асырылу және Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай жетілдіру жоспарлары жөнінде Премьер-Министрдіӊ бірінші орынбасары А.Мамин, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы және Ақмола облысыныӊ әкімі М.Мырзалин баяндама жасады.

Баяндамаларды тыӊдаған Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ туристік әлеуетін арттырудыӊ өзектілігін айтты.

- Қазіргі уақытта қазақстандықтар Отанымыздыӊ көрікті жерлерімен таныса алатындай демалыс орындарын салу басты міндет саналады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Щучинск-Бурабай курорттық аймағыныӊ аумағындағы инфрақұрылымды дамытудыӊ қажеттілігін айтты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тиісті кадрларды даярлау есебінен туристік қызмет көрсету сапасын жақсартудыӊ маӊыздылығына ерекше тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде 10 туристік аймаққа баса назар аударылатынын айтты. Бұлар - Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алматы облысы, Шарын шатқалы, Алакөл, Каспий жағалауы және басқалары.

- Туристік нысандарға субсидия бөлу көзделіп отыр. Туристерді бәсекеге қабілетті баға болғанда ғана тарта аламыз. Біз экономиканыӊ осы саласына зор мән беруіміз керек, - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өӊірлердіӊ басшыларын және инвесторларды еліміздіӊ туристік кластерін дамыту үдерісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Елбасы сондай-ақ, мұнда "Визит-Центр" орталығына барды.

Қазақстан Президентіне өӊірдіӊ туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, "Абылай хан" алаӊын, "Ақ бура" курорттық аймағын және басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобалар таныстырылды.

"Визит-Центр" орталығы - тақырыптық музейлер, "5 D" кинотеатры, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өмір сүретін және өзге елдерден әкелінген жабайы хайуанаттар саябағы бар туристік кешен.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы "Promenade Burabay" нысаныныӊ құрылыс жоспарымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы жаӊа туристік нысанныӊ құрылыс жоспарымен танысты.

"Promenade Burabay" кешені жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды.
Просмотров: 12430

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter